Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматы Олимпиада өткізген жағдайда Сочидің жетістігін қайталауы мүмкін - сарапшы

24 Ақпан 2015, 16:21
1
©Sport.al.com.au
©Sport.al.com.au

Алматы Олимпиада өткізсе, Сочидің жетістігін қайталауы мүмкін. Бұл пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Францияның тау шаңғысы индустриясы саласындағы сарапшысы Робер Бенуа айтты. 24-ші қысқы Олимпиада ойындары Алматыда немесе Бейжіңде өтуі мүмкін.

"Қазір Қазақстанда туризм мен тау секторы жылдам дамып жатыр. Бұл ірі және ауқымды спорт шараларын өткізу осы бағыттарды дамытуға сеп болады. Ірі спорт шараларын өткізгеннен кейінгі жағымды эффектті біз 80 жыл бұрын байқадық. Енді осы біліміміз бен тәжірибемізді сіздедің елмен бөліскіміз келеді. (...) Олимпиада эстафетасында Алматының мүмкіндіктері зор. Жарысты осында өткізгеннен кейін мұнда инфрақұрылым жақсарады және бұл шетелдегі туристердің келуіне жол ашады. Сонымен қатар, Олимпиада ойындарын өткізгенде жиналған абырой елдегі туризмнің дамуына үлес қосады. Бұл - "Роза Хутор" шипажайында болған жағдай. (Сочидегі тау шаңғысы шипажайы. - Авт.). Күмәнім жоқ, Алматы бұл жетістікті қайтала айлады", - деп мәлімдеді Бенуа. 

Франция сарапшыларының пікірінше, Универсиада, Олимпиада сияқты ірі спорт шараларын өткізу алдында Қазақстан қызмет көрсету деңгейіне назар аударуы керек, сонымен қатар, шетел туристерінің сұранысын біліп, оларға жасалатын ұсынысты ұйымдастыру керек. "Құрылымдық іс-шаралар Универсиада мен Олимпиаданы өткізудің маңызы зор. Бірақ жақсы спорт динамикасын беретін ұсақ жарыстарды да ұмытпау керек. Менің ойымша, Алматы дұрыс жолды таңдады және қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау үшін көп еңбек етіп жатыр", - деді Бенуа.

Айта кетейік, француз сарапшылары көп жылдан бері "Шымбұлақ" шипажайымен әріптестікте. Тау шаңғысы шипажайының директоры Ержан Еркінбаевтің айтуынша, қазіргі уақытта шетелдіктер жасанды қар жасау жүйесін құрылымдауға көмектесіп жатыр. "Осы жыл жасанды қардың қажет екенін нақты дәлелдеп берді. Бірақ судың шығыны аз жағдайында көп көлемде қар жасай алмаймыз. Шетелдік сарапшылар бізге жүйенің қайтақұрылымдау жұмыстарына көмектесіп жатыр. Осының арқасында біз келесі маусымда уақытынан бұрын ашуды ойлап отырмыз. Жалпы маусымды жасанды қармен ашу - халықаралық тәжірибе". - деді Еркінбаев.

Мұнымен қатар, оның айтуынша, курортқа баратын жолдар кеңейтіліп, "Құрғақ жыра" ауданы кіріктірілейін деп жатыр. "Қазір бұл жерде қар көшкіні қаупінен жалпыға ортақ сырғанау мүмкін болмай отыр. Біз ол жақта таңбаланған, қауіпсіз жол жасауды жоспарлап жатырмыз. Бұған да бізге Франция сарапшылары көмектеседі", - деді ол. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына Алматы мен Бейжің үміткер. Шілдеде Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті Қазақстанның оңтүстік астанасымен бірге Осло (Норвегия), Бейжің (Қытай) қалаларын да үміткер ретінде бекіткен болатын. Бірақ кейін Норвегия астанасы өз өтінішін қайтарып алды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай