Алматы өмір сапасы рейтингінде 208-орынға тұрақтады

16 Қаңтар, 11:59
0
Алматы өмір сапасы рейтингінде 208-орынға тұрақтады -

2019 жылы әлем қалалары рейтингінде өмір сүру жайлылығы бойынша Алматы 208-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Numbeo.com сарапшылары. 

Сайт әлем қалаларының өмір сүру сапасын зерттейді. 

Мамандар зерттеу жүргізіп, 226 қаланың тізімін жариялады. Қазақстан қалаларынан тек Алматы ғана осы рейтингке кірген және 208-орында тұр. 

Мәскеу -19-ші, артынша Киев - 192-ші. ТМД елдері арасында ең жайлы қала ол Минск - 130-орын. Бірінші орында австралиялық Канберра қаласы, екінші орында - голландиялық - Эйндховен, үшінші орында - америкалық Роли қаласы. 

Жалпы Алматыға орташадан да төмен баға берілген. Қала қауіпсіздік, лас көрескіштігі және сатып алу қабілеттілігі бойынша ең төмен баға алған. Сонымен қатар, Алматыда өмір сүру құны мен көлік жылдамдығы көрсеткіштері жоғары бағаланған. Тұрғын үй бағасына төмен балл берілген. Денсаулық сақтау мен қала климатына орташа ұпай берілген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай