Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы орталығында шоу жасаған Porsche Cayenn жүргізушісіне айыппұл салынды

22 Мамыр 2014, 11:22
0
©facebook.com
©facebook.com

Porsche Cayenne автокөлігімен жол көлік апатын жасап, артынан бұл оқиғаны өзінше тойлаған алматылық тұрғын ұсақ бұзақылық бабымен жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ішкі істер департаменті баспасөз хатшылығының жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оның айтуынша, ер адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша 330 баппен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Қазір іс Алматының арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

"Porsche Cayenn автокөлігінің 1976 жылы туған жүргізушісіне жол көлік апатын жасап, соған қарамастан екі сызықты жолақты кесіп өтіп, көлік апаты болған орынды тастап кеткені үшін және сақтандыру қағазының болмағаны үшін айыппұл салынды. Қазірде ол ұсталды, Медеу аудандық ішкі істер басқармасында" дейді Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, Porsche Cayenn жүргізушісі 40 минутқа жуық қоғамдық тәртіпті бұзған. Жол көлік апатынан зардап шеккен тарап оның барлық әрекеттерін видеоға түсіріп алған. Зардап шекке тараптың айтуынша, Porsche Cayenn жүргізушісі алдымен оның көлігін қағып, одан кейін өзін дөрекі ұстаған. Ер адам оқиға орнынан бірнеше рет кетіп қалып, қайта қайтып келіп екі сызықты жолақты бірнеше рет кесіп өткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай