11 мамыр 2018 15:26

Алматы орталығында тоғыз фонтан пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша тапсырма берген еді.

"Ұлттық кітапхана, "Жетісу" қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған. Жаңа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Маметова және Райымбек көшелерінің арасына салынады. Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар "құрғақ субұрқақтар" да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады", - делінген хабарламада. 


Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Айта кетейік, бұрын қайта жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңына қоса биылғы жылы мегаполистің бірқатар даңғылдары да жаңарады.
Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455 аула жаңарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады.

Жалпы, соңғы жылдары мегаполисте 180 шақырым жол және 700 шақырым инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтарының құрылыстары жүруде, магистралды көшелер үңгіленуде. Биылғы жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарларын жөндеу жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети