24 сәуір 2018 12:11

Алматы перзентханасының директоры Эльмира Жақашева жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы перинаталдық орталық © Владимир Дмитриев Алматыдағы перинаталдық орталық © Владимир Дмитриев

Алматының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры, белгілі дәрігер Эльмира Жақашева орнын босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне перзентхана өкілдері мәлімдеді. 


Алматының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры, белгілі дәрігер Эльмира Жақашева орнын босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне перзентхана өкілдері мәлімдеді. 

"Эльмира Жақашева қазір жұмыс істемейді. Жұмыстан шығарылды. Жаңа тағайындау болған жоқ", - дейді перзентхана қызметкері.  

Айта кетейік, 2018 жылы ақпанда алматылық әйелдер әлеуметтік желілерде пост жазып, Эльмира Жақашеваны орнынан босатпауын сұраған. Олардың сөзінше, Жақашеваны басқа дәрігерлердің қателігі үшін жұмыстан босатқан. 

Ол кезде Алматының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері перзентхана директоры денсаулығына байланысты демалысқа шыққанын және жұмыстан босату болмағанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети