Алматы полицейлері балабақша аумағына жалған нөмірмен кірген жүргізушіні тапты

16 Ақпан 2017, 13:27
1
Алматы полицейлері балабақша аумағына жалған нөмірмен кірген жүргізушіні тапты - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Полицейлер Алматының Медеу ауданында орналасқан балабақша аумағына жалған нөмірмен кірген жүргізушіні тапты. Tengrinews.kz тілшісіне ішкі істер департаментінің берген мәліметі бойынша, 31 жастағы ер адамға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бірнеше әкімшілік хаттама толтырылған. 

Осыған дейін, жүргізушінің көлікті жалған нөмірмен жүргізгені белгілі болған. 

"Мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі жүк тасымалдайтын бір ЖШС-ға тіркелген. Көлікті жүргізген ер адам бұл ЖШС-да жұмыс істемейді. Ол бұл нөмірді тауып алғанын айтты. Жол-патрульдік полициясының арнайы батальоны шара қолданды. 1986 жылғы азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату") және 590-бабының 4-бөлігі ("Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару") бойынша жазаланды. Сонымен қатар, рұқсат берілмеген жерге кіргені үшін хаттама толтырылды", - деді Алматы ІІД-нің өкілі. 

Іс материалдары сотқа жіберілген. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

Еске салайық, мектепке дейінгі білім алу мекемесіне балаларын алып келетін ата-аналар журналистерге Алматы қаласы Медеу ауданы № 112 бала бақшаның аумағына кедергісіз кіретін алматылық шенеуніктің көлігі туралы жазған болатын. Олар мемлекеттік тіркеу нөмірі 843 BW 02 қара түсті KIA маркалы көлікті видеоға түсіріп алған. 

"Балабақша аумағы қоршалған, оның аумағына кіруге тыйым салынған, алайда күн сайын таңғы уақытта мемлекеттік тіркеу номері 843 BW 02 көлігі балабақшаның есігінің алдына тоқтап, кішкентай қызды топқа апарады. Онысымен қоймай, ол басқа да балаларын алып келе жатқан ата-аналарға жол бер деп дабылын қосады екен. Балабақша әкімшілігі бұл көліктің шенеунікке тиесілі екенін айтып, түсіндіреді", - деді ата-аналар.

Алматы қалалық Білім басқармасындағылар балабақша аумағына басып кірген 843 BW 02 мемлекеттік нөмірлі көліктің иесіне қатысты мәліметтерді іздестіріп жатқаны хабарланған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай