Алматы полицейлеріне газбен жүретін көліктер берілді

14 Желтоқсан 2018, 16:29
0
Сурет Алматы әкімінің баспасөз қызметінен
Сурет Алматы әкімінің баспасөз қызметінен

Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильдерді көрді. Қазіргі кезде қала полициясының автопаркі көлікпен толық қамтылған, ал бұл ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады.

Қала полициясының бастығы Серік Күдебаев өзінің сөзінде әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты. Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және төскеуделік видеорегистраторлармен қамтылған. Осының арқасында хаттамалар тек электронды вариантта жасалады, ал келер жылдың бірінші тоқсанында айыппұлдар тәртіп бұзылған жерде банкі картасы арқылы бірден төленеді.

Мегаполис әкімі тұрғындардық қауіпсіздігі қаламызды тұрақты дамытудың басты буыны болып табылатынын атап өтті.

"Қазіргі кезде біз қауіпсіздік саласына информатизацияны кеңінен тартудамыз, яғни сыбайлас жемқорлыққа әкелетін адам факторын барынша азайту үшін жаңа технологияларды енгізудеміз. Видеобақылау камераларының саны артуда, мақсат айыппұл салуда ғана емес, көлік қозғалысын тәртіпке шақырып, ЖКО азайтуда. 3 жыл ішінде қаланың жергілікті бюджетінен полицияны жабдықтауға жеткілікті қаржы бөлінді, сондықтан біз сервистік принцип бойынша полициядан жұмыс тиімділігін арттыруды талап ете аламыз", - деді Бауыржан Байбек.

Жалпы қала полициясының материалдық-техникалық жарақтануы 87 пайызға дейін жетті. Соңғы үш жыл ішінде 468 бірлік қызметтік көлік алынды. Қаланың барлық аудандарында жергілікті бюджет есебінен мөлдір фронт-офистер ашылады. "102" қызметі жетілдіріледі, қазіргі кезде бұлардағы операторлар саны 2,5 есе, ал олардың жалақысы 3 есе өскен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай