20 мамыр 2016 15:23

Алматы полициясы қару-жарақтың табылу дерегінің митинг туралы мәліметпен байланысын тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД © Алматы ІІД

Алматы ІІД қызметкерлері қару сақтау дерегі бойынша ұсталған бес адамның 21 мамырда өтеді делінген митингпен байланысын тексереді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді.


Алматы ІІД қызметкерлері қару сақтау дерегі бойынша ұсталған бес адамның 21 мамырда өтеді делінген митингпен байланысын тексереді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді.

20 мамыр күні полицейлердің Республика сарайы алаңы маңында жарылғыш заттар мен металл шыбықтар тапқаны белгілі. Сонымен қатар, қаладағы Алмалы және Медеу ауданындарындағы екі пәтерден бірнеше қару, оның ішінде Макаров және "ТТ" жүйесіндегі тапаншаларды, шолақ мылтықтар, бірнеше оқ-дәрі, РГД-5 төрт граната, сонымен қатар жалпы сомасы 5 миллион теңге болатын ақшалай қаражат табылған болатын. Күдікпен бес адам құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және күдіктілермен байланысы барлар анықталып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Әзірбек жанармай мен арматуралардың табылуы, сонымен қатар пәтерлерден қару-жарақ табылу деректерінің бөлек-бөлек тексеріліп жатқанын айтты. Ол екі оқиғаның арасындағы байланыс туралы сұраққа: "Мұның барлығы міндетті түрде тексеріледі", - деп жауап берді. Сондай-ақ, ол 21 мамыр күні полицияның штатты режимде жұмыс істейтінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети