Алматы прокуроры: "Кейде өз қызметкерлерім үшін ұяламын"

03 Тамыз 2017, 12:44
0
Алматы прокуроры: "Кейде өз қызметкерлерім үшін ұяламын" - Ғабит Миразов.
Ғабит Миразов.

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов адвокаттар мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында кейде өз қызметкерлері үшін ұялатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жеті қызметкерді олардың тәртібі мен сотта сауатсыз сөйлегені үшін жазаладым", - деді Ғабит Миразов. - Біз ай сайын соттағы жазбаларымызды қайта қарап отырамыз, қызметкерлеріміз қаншалықты дұрыс сөз сөйлей алатынын қараймыз. Расында кейде өзім үшін де ұяламын. "4 жылға бас бостандығынан айырылу" деп орнына отыра салатын прокурорлар да бар".

Өз кезегінде Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев тергеушілердің неліктен қылмыстық істерді нашар тергеп-тексеретіндерін айтып берді.

Оның айтуынша, Алматы республика бойынша қылмыстық іс саны көп қала болып саналады. Әрбір тергеуші 69 істі қарауы керек болады. Жыл басынан бері 17 908 іс тергеуге келіп түсті. Ал сотқа 5 723 іс жолданды.

Ал Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов кейбір жағдайларда сотқа дейінгі тергеудің ойламаған жерден жүргізілетінін айтып өтті. Оның айтуынша, мұндай тергеу объектив болмауы мүмкін. Сондай-ақ, Нұрғазы Әбдіқанов тергеушілердің кейді тәркіленген заттардың тізіміне заттай айғақтарды енгізуді ұмытып кетіп жататындарын айтты


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай