Алматы прокуроры зардап шеккендер мен күдіктілерді аудандық ІІБ-де татуластыруды ұсынды

24 Тамыз 2017, 11:19
0
Алматы прокуроры зардап шеккендер мен күдіктілерді аудандық ІІБ-де татуластыруды ұсынды - © netsc.ru
© netsc.ru

Алматы прокуроры Ғабит Миразов Ішкі істер департаментінде өткен құқық қорғау органдарының жиыны барысында сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына уақыт жұмсамай, зардап шеккендер мен күдіктілерді татуластырып көруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз 6 жыл бойы медиациямен айналысып келеміз, - деді Ғабит Миразов тергеушілерге. - Негізі белгіленген нақты жұмыстар бар. Бірақ бізде сотқа дейінгі тергеу мәселесіне келгенде медиация жай жұмыс істейді. Былтыр 172 медиациялық келісім жасаса, биыл жарты жылда 890 келісім жасалды. Мұның барлығы сот отырысы барысында жүзеге асырылды. Медиация жоқ болғанда біз, прокурорлар, медиаторлар ретінде сөйлейтінбіз. (...) Сол кезде қозғалған істердің 60 пайызы прокуратура қабырғаларында жабылатын. Қазіргі уақытта істі тергеп, оны сотқа жолдаудың не қажеті бар? Қаншама уақыт кетеді? Онсыз да жұмыс көп. Біз куәгерлерді күтуіміз керек, олардан жауап, зардап шеккендерден жауап алып, дәлелдерді жинауымыз керек. Оның не керегі бар? Сол себепті мен енді зардап шеккен мен күдіктіден былай деп сұрауды ұсынамын: "Ойланып көрерсіздер, мүмкін татуласасыздар?". Меніңше, енді медиация өкілдері аудандық Ішкі істер бөлімдерінде отыруы керек. Бөлек кабинет бере аламыз".

Сондай-ақ, Ғабит Миразов тергеушілерге зардап шеккен адам мен күдіктіге заңдарды түсіндіріп беретін медиаторларды шақыру керектігін айтты.

"Тергеушілерден артық бұл жұмысты ешкім жақсы білмейді, біз тек баяндамалардан білеміз. Соныңда біз мәліметтің жартысы ғана айтылады. Сол себепті мен үнемі басшылықты емес, тергеушілерді шақыруын сұраймын. Айыптаушы тарапты білесіздер ғой. Зардап шеккен адамға не керек? Ол материалдық және моральдық шығынын өтеп алғысы келеді. Болды, осы ғана. Оларға адамның  сотталғаны қажет емес. Иә, кейде принципшіл адамдар кездесіп жатады", - деді Алматы прокуроры.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай