05 наурыз 2015 16:14

Алматы шенеуніктерінің көбі әйелдердің билікте болғанын қаламайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Subscribe.ru ©Subscribe.ru

Алматыдағы шенеуніктердің басым бөлігі қала әкімі қызметіне әйел адамның келгенін қаламайды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мен RRCG зерттеу институтының жасаған зерттеуінің нәтижесі осыны көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнамаға қатысушылар бір әйелдің - Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың билікте болғаны жеткілікті деп есептейді. 


Алматыдағы шенеуніктердің басым бөлігі қала әкімі қызметіне әйел адамның келгенін қаламайды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мен RRCG зерттеу институтының жасаған зерттеуінің нәтижесі осыны көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнамаға қатысушылар бір әйелдің - Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың билікте болғаны жеткілікті деп есептейді. 

8 наурыз - Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында 40-тан астам ер адамнан сауалнама алынды. Олар - басқарма төрағалары, аудан әкімдері және Алматы әкімдігі аппаратының өкілдері. Зерттеуде Қазақстанның Үкіметте әйелдердің үлес салмағын 30 пайыздық көрсеткішке қол жеткізе алмай отырғаны және тағайындаулар жайлы шешімдерді ер адамдардың қабылдайтыны айтылады.

"Жоғары басшылықта неліктен әйелдер ерлерге қарағанда, аз?" деген сұраққа ер адамдардың 33 пайызы "тарихи тұрғыдан солай қалыптасқанын" айтты және тағы 33 пайызы әйелдердің "көбіне үй шаруасымен" айналысатынын жеткізді. Респонденттердің 13 пайызы еркектердің әйелдерге қарағанда жақсы басқаратынын, тағы 13 пайызы жауап беруге қиналатынын айтты. Сұрау салынғандардың жеті пайызы қазіргі қоғамның әйелді басшылыққа жібермейтініне сенімді.

Басшылықтағы ер адамдар әйел бойындағы тәртіпшілдік, ұқыптылық, ұстамдылық деген сияқты қасиеттерді бағалайтын болып шықты. 

Шенеуніктердің басым бөлігі ол үшін арнайы квота енгізуге қажетілік жоқ деп есептейді. Олардың пікірінше, тағайындаулар мәжбүрлі түрде емес, қалыпты түрде болуы керек. Әйелдердің билікте көп болмауының тағы бір себебі - еркектердің әйелдердің бойынан шабыт көрмейтіндігінде. "Шенеуніктердің басым бөлігі қала әкімі қызметіне әйел адамның келуін қолдамайды. Жорамалмен айтса да, солай. Тіпті "әкімнің орынбасарларының бірі әйел және осының өзі көп" деген әзіл айтады", - делінген зерттеуде. 

Десе де, ер адамдардың басым бөлігі әйел саясатының тұжырымдамасын қолдап отыр. Саясат саласындағы әйелдердің жеткілікті немесе жеткілікті емес екендігі сұралғанда респонденттердің көпшілігі гендерлік дефицит туралы айтты, олардың ойынша, саясатта әйелдер жетіспейді. "Қазақстанда әйелдің мансап жолындағы ең биік орын қандай?" деген сауалға сұралғандардың жартысынан көбі әйелдің амбициясын қанағаттандыратын болса, министр орындығына отыруы мүмкін екенін айтты. "Осыған қарамастан, басшылар әйел адамды ел көшбасшысы ретінде көруге дайын емес екенін білдірді. Осы мәліметтерді есепке алсақ, президенттікке өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиеваға қиынға соғады", - делінген баспасөз хабарламасында.  

Бұған дейін елде басшы әйелдердің екі есеге көбейгені хабарланған болатын. Парламент Мәжілісінде әйел-депутаттардың үлесі 26 пайызға жетті. Еске сала кетейік, 2 наурызда "2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабаев арыз берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов және Сухраб Әминжанұлы Мырзашов ұсынды", - делінген ОСК таратқан хабарламада. Сөйтіп, комиссияның мәліметінше, сайлау науқаны барысында бес адам өзін-өзі ұсынып отыр, оның біреуі - әйел адам.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети