04 тамыз 2018 12:09

Алматы - Талғар тасжолы кеңейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Талғар - Алматы аралығындағы тас жол екі есеге кеңейтілмек. Сметалық жобасын таныстырған жауаптылардың айтуынша жолда көлік апаты артып кеткен. Екі аралықтағы жеті ауылдың жұртына да жолдан өту қиямет-қайымға айналған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 


Талғар - Алматы аралығындағы тас жол екі есеге кеңейтілмек. Сметалық жобасын таныстырған жауаптылардың айтуынша жолда көлік апаты артып кеткен. Екі аралықтағы жеті ауылдың жұртына да жолдан өту қиямет-қайымға айналған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Алматы - Талғар тасжолының тарлығынан талай адамның тағдыры қиылған. Әсіресе, таңғы және кешкі уақыт кезінде көлік тығынының салдарынан, жолға сыймай, соқтығысу сәт сайын қайталанып тұрады. Екі ортадағы Бесағаш, Белбұлақ сынды жеті ауылдың жұртына жолдан өту қиын. Қазіргі кептелісті кетірудің ең оңтайлы әдісі-екі жолақты жолды екі есеге кеңейту

"Республикалық маңызды жолдарды ғана емес, осындай елді мекендер арасындағы жолдарды да реттеуіміз керек. Сол арқылы жол қатынасы мәселесін шешу керек. Өз тарапымыздан соның мүмкіндіктерін жеделдету жолдарын, қаражаттық мәселелерін шешуге өкіметтің алдында талап қоямыз ғой деген пікірдемін", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев. 

Құрылысты "Қазавтожол" АҚ-ның Алматы облыстық филиалы жүргізеді. Қазірге дейін оның сметалық жобасы ғана сызылған. Бірақ қажетті қаржы әлі бөлінбепті. Республикалық бюджетен қаражат дер кезінде қарастырылса, құрылыс жұмыстары келер жылы басталады.  

"Талғар жолында кептеліс өте жоғары. Жолды кеңейтіп қана қоймай, аялдама, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолын реттеу де қарастырылған. Шамамен, 600-650 миллион теңге керек деп отырмыз. Қаржы қосымша тағы көбеюі мүмкін. 2019 жылы жұмысты бастап, сол жылы қолданысқа береміз", - деді "ҚазАвтожол" ҰК" АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Қуаныш Ескендіров.

Алматы - Талғар тасжолымен тәулігіне қырық мың көлік арлы-берлі жүйткиді. Қос қаланың аралығы 25 шақырым болса, кеңейту кестесіне оның тек 12 шақырымы ғана кірген. Тұздыбастаудан Талғар аралығы ғана төрт жолақты жолға айналады.

Жарты ғасыр бұрын жасалған жолда жүретін көліктердің саны осы уақытқа дейін жүз есеге өссе де, кеңейтілмеген. Тек жыл сайын жеңіл жөндеу көретін жолда күнде кептеліс пен қақтығыс орын алып жатады. Тек биылдың өзінде Тұздыбастау - Талғар аралығында жиырмадан аса жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. Бұл өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда, бір жарым есеге артқан көрсеткіш. Қара жол екі есеге кеңейтілсе, "басып озам" деп бақытсыздыққа душар болатындардың саны да сейіледі дейді басшылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети