Алматы - таңғысын шаңғы теуіп, кешкісін балет тамашалауға болатын керемет қала - Байбек

07 Желтоқсан 2016, 12:41
0
Алматы - таңғысын шаңғы теуіп, кешкісін балет тамашалауға болатын керемет қала - Байбек -

Алматы әкімі Бауыржан Байбек шетелдік инвесторларға мегаполистің артықшылықтары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Алматы әкімдігінде Инвесторларды тарту және Алматының инвестициялық климатын жақсарту кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.

"Алматы - керемет қала, мұнда таңғысын шаңғы теуіп, кешкісін балет тамашалауға болады. Әрине, біз бәсекеге қабілетті артылықшылықтар жасағамыз келеді. Универсиаданың арқасында біз спорт кешендерімізді дамыттық, "Шымбұлақтағы" сырғанау маусымын ұзарту үшін қарландыру жүйесін салдық. Қардың сапасын жақсартамыз, Тұяқсудан су тарттық, 12 қарландыру жүйесін сатып алдық, барлық инфрақұрылым нысандарын жетілдірдік. Бізде Алматы облысындағы "Табаған", "Сұңқар", "Шаңғы-биатлон кешені" бар, біз оларды жақсартып, қайта іске қосамыз. Сонымен бірге, қаладағы өмір сапасын көтеретін өзге де бірегей спорт нысандары бар", - деп тізіп берді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қаладағы білім берудің және қызмет көрсетудің сапасы жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, медицина саласына да шетелдік компанияларды тарту жоспарланып отыр.

"Адамдар мұнда сапалы өнім сатып алып, денсаулығын түзеуге келеді. Шетелдік кеңесшілердің ақпараты бойынша, алматылық адамдардың өздері ғана шетелде емделуге 500 миллион доллар жұмсайды екен. Сондықтан біз бүгін жекешелендіруді кеңінен жүргізіп, Корея, Израиль және Америкадан медицина саласына ірі компанияларды тартқымыз келеді. Мәселен, ертең ауруханаларды басқаруға алғысы келетін Швейцария өкілдерімен кездесеміз. Бұл - ақшаның елімізде қалуы үшін істеліп жатыр. Медицина саласындағы әлеуетіміз зор деп ойлаймын. Алматы мәдениет пен білім қаласы екені сөзсіз, мұнда адам ресурстары бар. Стартаперлердің 84 пайызы Алматыға көшіп келеді, оларға ұнайтыны - кофеханалар, климат, жағдай", - деп атап өтті қала басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай