08 қараша 2016 19:26

"Алматы Тауэрстегі" өрт кезінде мерт болған студенттің әкесі аман қалғандардан шындықты сұрауды өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы Тауэрс" кешеніндегі өрт кезінде көз жұмған студент Исмаилжон Исраиловтың әкесі Ирсали Исраилов оқиғаның мән-жай туралы айтып, аман қалғандардан өрт туралы шындықты сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы Тауэрс" кешеніндегі өрт кезінде көз жұмған студент Исмаилжон Исраиловтың әкесі Ирсали Исраилов оқиғаның мән-жай туралы айтып, аман қалғандардан өрт туралы шындықты сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы рет мен онымен қыркүйек айында көріскенмін. Ұлым алматыда өзінің сыныптасы Ёкубжон Тохтамышевпен бірге жүк тасушы болып тиын-тебен тауып жүрген. Ұлым шамамен сол уақытта ауысымын тапсырып, үйге қайтуы керек болатын. Өрт басталғанда оларда шок болды, олар терезе іздеп таппаған, ал есік кілттеулі болған. Жалғыз ғана өтінішім: аман қалғандар бар, солардан ненің қалай болғаны туралы нақты мәлімет алыңыздаршы", - деді Исраилов.

Ер адам өртке кінәлілерді жазалауды сұрап, атын қудаламайтынын айта кетті. 

Ирсали Исраилова сөзінше, Исмаилжон және Ёкубжон - ОҚО-ның Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тумалары, сыныптас болған, Алматыда бірге пәтер жалдап жатқан еді. Исмаилжон ҚазҰМУ-дың жалпы медецина факультетін тәмәмдап, стоматологиялық факультетке ауысқан, тіс дәрігері болғысы келген. "Алматы Тауэрс" әкімшілігі көз жұмғандардың ата-анасымен кезіккен, бірақ кешірім сұрамағанын айтады ер адам.

Қазір Ирсали Исраилов марқұмдардың денелерін үйіне алып бара жатыр. 9 қараша күні таңертең марқұмдарды жер қойнына тапсырады. 

Университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді.

Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында "Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды.

Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети