1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді16 қараша 2017, 10:54

Алматы. © skyview.kz Алматы. © skyview.kz

Бүгін Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), 4.8 магнитудалы жер сілкінісі Алматыдан оңтүстікке қарай 142 шақырым жерде Қырғызстан аумағында Астана уақытымен таңғы 07:42 болды. 

КСР ҒА СИ СТӘЭ (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы) мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 145 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің қуаты - 11.9. Магнитудасы - 5.4. Алматы тұрғындары 2 баллды жер дүмпулерін сезген. 

Алматы ТЖК баспасөз қызметі мен "Қазселқорғау" ММ-нің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.