14 наурыз 2016 10:05

Алматы тұрғыны Бауыржан Байбекке Tesla электромобиліне мінуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Еkonmavto.ru © Еkonmavto.ru

Қазақстандағы сәнді автомобильдер иелері клубының негізін қалаушы Бейбіт Әлібеков қала әкімі Бауыржан Байбекке Tesla электромобиліне мінуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, қала әкімі осылайша басқаларға үлгі көрсете алады.


Қазақстандағы сәнді автомобильдер иелері клубының негізін қалаушы Бейбіт Әлібеков қала әкімі Бауыржан Байбекке Tesla электромобиліне мінуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, қала әкімі осылайша басқаларға үлгі көрсете алады.

Әлібеков Facebook әлеуметтік желідегі парақшасына Алматыдағы түтіннің негізгі бөлігі қала тұрғындарына тиесілі 800 мың автомобильден шығатын пайдаланылған газдардан пайда болатынын жазды. Оның айтуынша, экологиялық ахуалды жақсарту үшін алматылықтар электромобильдерге немесе гибридті көліктерге отыру керек. "Менің ойымша, қазір қала әкімінен көптеген азаматтар мен кәсіпкерлер үлгі алады. Сондықтан да ол қала үшін қам жейтін болса, Tesla электромобиліне отыру керек. (...) Бұл қала ауасын жақсартудың бірегей әдісі", - деді ол. Қазақстандық сәнді автомобильдер иелері клубының негізін қалаушы электромобильді Бауыржан Байбектің жалға ала алатынын жеткізді.

Әлібековтің айтуынша, экологиялық таза көліктің иелеріне автобусқа арналған жолақтармен жүруге мүмкіндік беру керек. Ол мұндай тәжірибенің АҚШ-та сәтті жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің және қарамағында жұмыс істейтіндердің 86 пайызының велосипедке отыратынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, ол әкімдікке тиесілі барлық көліктің болашақта газбен жүретінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети