15 тамыз 2015 09:34

Алматы - Ыстықкөл автожолының қысқа бағыты анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Krisha.kz © Krisha.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға сапары кезінде Алматы - Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға сапары кезінде Алматы - Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екіжақты жұмыс тобы бағыттың тиімді нұсқасын анықтады: Алматы - Ұзынағаш - Қастек (бұрынғы Михайловка ауылы) - Қарасай батыр - Ыстықкөл.

Қазақстан аумағы бойынша Ұзынағаштан Қастек ауылына дейінгі 42 шақырым болатын жолды қайта жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұдан әрі ұзындығы 47 шақырым болатын жаңа жол құрылысы қажет.

Жоспарланған жол теңізден 2 640 метр жоғары орналасқан, төңірек бедері қиын, серпантин бойынша шұғыл өрден өтетін Жаңа Қастек асуы арқылы өтеді. Асудан жүріп өткеннен кейін бағыт Еңбек және Қарасай батыр (бұрынғы Михайловка ауылы) шекаралық ауылдары арасымен өтетін болады. Ол жерлерде 5 мыңға жуық адам тұрады. 


Жаңа Қастек асуы. © kazautozhol.kz

Қырғызстан тарапына да бір шақырым жол және Шу өзені арқылы көпір салу қажет.

Алматы-Ыстық көл жаңа бағыты бұрын болған 480 шақырым жолдың орнына 280 шақырым болады. Осы бағытты таңдау Еңбек және Қарасай батыр ауылдарын Алматы қаласымен байланыстыруға мүмкіндік береді, ол осы өңірлердің дамуына оң ықпал етеді.

"Жаңа жол құрылысы туризмінің өркендеуіне әсер етеді, елдер арасындағы транзит әлеуетін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ, жағымды әлеуметтік-экономикалық күш беріп, аталған бағыттың бойында орналасқан елді-мекендердің дамуына мультипликативтік әсер береді", - деп жазылған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети