Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілерін дайындауға арналған оқу бағдарламалары өтеді

08 Қараша 2016, 14:20
0
Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілерін дайындауға арналған оқу бағдарламалары өтеді -

2016 жылдың 10-11 қарашасында сағат 09:00-де "Алтын Қарғалы" ("Altyn Kargaly") шипажайында 2017 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылатын 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілерін дайындауға арналған оқу бағдарламалары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еріктілерді дайындау сабақтарына Универсиада Дирекциясы тарапынан тағайындалған 150 үйлестіруші-ерікті қатысады. Оқу бағдарламаларының мақсаты  -шетелдік азаматтармен жұмыс атқаруды, күйзелісті жағдайларда өзін-өзі ұстауды және шетелдік спортшылармен бейімді байланыс орнатуды үйрету.

Айта кетейік, оқу бағдарламаларын халықаралық дәрежедегі бапкерлер өткізеді. Олар: Бауыржан Қасымбергебаев - "Winners Academy" зияткерлік бизнес клубтары Халықаралық жүйесінің Азия дамуы бойынша Президенті, "Стандарт образования" корпорациясының Президенті, Сабина Чукаева - қазақстандық ЮНЕСКО Халықаралық федерациясының бас хатшысы, Асхат Абжанов - "Жаңа Ұрпақ" жастарды дамыту Республикалық орталығының бас директоры, "Новое поколение" жетекшілік мектебінің негізін қалаушы.

Спикерлер жоғарғы дәрежедегі халықаралық спорттық шараларға қатысты тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді. Бағдарламада еріктілер арасында патриоттықты насихаттауға арналған мотивациалық лекциялар оқылады. Сондай-ақ, бапкерлер студенттік шақтағы әлеуметтік өмірдің белсенділігінің маңыздылығы жайлы сөз қозғайтын шебер-сабақтарын ұйымдастырады. Cондай-ақ, 12-26 қараша аралығында үйлестіруші-еріктілер үшін арнайы квест-ойындар ұйымдастырылады. Квестер Универсиада жарыстары өтетін орындарда ойналады. Олар: "Медеу" тау шаңғысы кешені, "Шымбұлақ" тау шаңғы кешені, "Халық Арена" мұз айдыны, Атлеттерауылы, "Алматы Арена" мұз айдыны, "Сұнкар' халықаралық трамплиндер кешені, Балуан Шолақатындағы спорт сарайы, "MEDALPLAZA" мерекелеу және марапаттау алаңы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай