05 мамыр 2019 12:24

Алматыда 30 жыл бойына жұмыс істемеген велотрек жөнделді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы орталық Мәдениет және демалыс паркінде заманауи велотрек ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдағы орталық Мәдениет және демалыс паркінде заманауи велотрек ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

1979 жылы салынған нысан 30 жыл бойына жұмыс істемеген. Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы және "Samruk-Kazyna Trust" қорының демеушілік қолдауы арқасында велотректі реконструкциядан өткізді.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек және "Самрұқ-Қазына" ӘАҚ-ның төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Жоба бойынша арнайы төсеніші бар жолдар жасалған, мұнда скейт-парк, дерт-трек, памп-трек, модулді бөлмелер, 200 орынды көрермен трибунасы бар. Жасылдандыру жүргізіліп, 150 ағаш отырғызылған.

Нысан велоспортты дамыту және бұқараға кеңінен таныту мақсатында белсенді түрде пайдаланылады. Велотректе қаланың спорт мектептерінің оқушылары үшін сабақтар өткізу, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларының велоспортпен тегін шұғылдануы, түрлі жарыстар мен спорттық шаралар ұйымдастыру, "Apple Team" велокомандасын дайындау жоспарланған.

Бұрын "Рухани жаңгыру" бағдарламасы бойынша Орталық парктің өзі жаңарған еді. Басқарушы компания инвестиция ретінде 1,6 миллиард теңге жеке қаржысын жұмсап, жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарын салды. Жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарды, навигация орнатылды.
Парктің тура ортасынан орын алған бұрынғы автомобиль тұрағының орнына спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол, футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром салынды.

Жазғы сахнаның шығыс жағына алма ағашын бейнелейтін жаңа фонтан пайда болды. Сонымен бірге, 10 жыл бойына жұмыс істемеген субұрқақ жөнделді.

Айта кетерлігі, қалалықтардың талқылауынан өтіп, 2015 жылы қабылданған "Алматы-2020" даму Бағдарламасы аясында мегаполистің тарихи орталығының 60 пайызы жөнделді, 600 жуық көше мен 1400-ден астам ескі аулалар жаңарды. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға көшірілді, 300 шақырым арық және 2000 шақырым инженерлік желілер ауыстырылды, тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамтитын тағы 600-ден астам аула жөндеу жоспарланған. 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұлардан өзге қаланың 14 ықшам ауданында 456 жаңа көше салынады. Шет аймақтарда бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қалада қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 120-дан астам көшеге жаңа LED- шамдары орнатылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети