13 желтоқсан 2018 17:27

Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қымзетінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қымзетінен

Электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асып жатыр.

Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе "Оңай" қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады.

Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің шет аймақтарын орталықпен байланыстыратын жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді.

Мысалы, "Мадина" ЖШС Yutong маркалы 12 төмен еденді автобустар алған, көліктер №72 бағытына қызмет көрсетеді. "Киікбай" ЖШС №13 бағыттағы автобустарды жаңартты. Яғни, ISUZU маркалы 20 төмен еденді көлік алынды.

Мегаполис басшысы бірінші кезектегі міндет автобустар паркін жаңарту болғанын, сондықтан 3 жыл ішінде 1100-ден аса көлік бірлігі алынғанын, ал ендігі міндет қалалықтарға сапалы қызмет көрсету екенін атап өтті.

"Сапалы қызмет көрсетіп, автопаркті жаңартқан тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Субсидия бөлу жөніндегі келісімде сапаға бақылау қойылатындығы әрі кемшіліктер орын алса айыппұл салынатыны нақтылы көрсетілген. Тек 9 ай ішінде ғана қозғалыс жиілігін сақтамаған тасымалдаушылар 330 миллион теңге субсидиядан қағылды", - деді Бауыржан Байбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети