Алматыда "Recommended by Universiade - 2017" атты бағдарлама іске қосылды

04 Қараша 2016, 12:45
0
Алматыда "Recommended by Universiade - 2017" атты бағдарлама іске қосылды - © 24.kz
© 24.kz

Алматыда Дүниежүзілік қысқы универсиада қарсаңында "Recommended by Universiade – 2017" атты бағдарлама іске қосылды. Оңтүстік астананың қонақ үй және мейрамхана бизнесіне жататын барлық мекемелер бағдарламаға қатысуға шақырылып отыр, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда барлығы 137 қонақ үй және 2000-ға жуық қоғамдық тамақтандыру мекемесі қызмет етеді. Бағдарлама аясында қонақ үйлер, кафе мен мейрамханалар Универсиаданың құрметті серіктесі деген мәртебеге ие бола алады. Бұл үшін мекемелер нақты бір өлшемдерге сәйкестігі жағынан іріктеуден өтуі керек болады. Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар жөніндегі басқарма басшысы Тимур Дүйсенғалиев Универсиада серіктесін таңдау бағдарламасы 7 қарашада іске қосылатындығы жөнінде хабарлады. Бағдарламаға қатысу не қатыспау - мекеменің өз еркінде деп баса атап өтті басқарма басшысы.

"Бұл толығымен ерікті іс. Біз Универсиаданы туризм саласында қызмет етіп отырған кәсіпорындардың кірісін арттыруға арналған мүмкіндік ретінде қарастырып отырмыз. Бағалау комиссиясына туризм саласының, билік және қоғам өкілдері кіретін болады. Бұл өзінше бір сапа белгісіне айналмақ", - деді Дүйсенғалиев.

Бағалау өлшемдерін Қазақстан Туризм қауымдастығы Алматының мейрамхана иелері альянсымен бірлесе дайындады. Өтінімдердің шарттары мен үлгілері Алматы туризм басқармасының сайтында жарияланатын болады.

Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров түсіндіргендей, үлкен-кішілі кез келген қонақ үй, мейрамхана немесе дәмхана мәртебесіне қарамастан бағдарламаға қатыса алады.

"Универсиада студенттер арасындағы ойын болғандықтан, кең жұртшылыққа барынша қолжетімді болуымен ерекшеленеді. Сондықтан біз бес жұлдызды қонақ үйлерге емес, бірінші кезекте, бюджеттік қонақ үйлер мен хостелдерге, қымбат емес кафелерге айрықша мән беріп отырмыз. Есігіміз түгелдей барлығы үшін ашық. Ең бастысы – бәрі барынша қауіпсіз әрі сапалы, таза, көрікті және ыңғайлы болуы тиіс", - деп атап өтті Наиль Нуров.

Сондай-ақ, ол Универсиада серіктестеріне арнайы тақташа мен сертификат берілетіндігін хабарлады, олар Универсиада бейнелемесін бөлме-жайларды безендіру кезінде қолдана алады. Ұйымдастыру комитеті қонақ үйлер мен мейрамханалардың мәліметтерін Ойындар кезінде баруға ұсынылған мекемелер ретінде Атлеттер ауылында тұрып жатқан спорт делегация мүшелері арасында таратылатын ресми жолсілтемеге енгізетін болады. Демек, құрметті мәртебеге ие болумен қатар, серіктестер 2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап 8 ақпанына дейінгі аралықта Алматыда өтетін Универсиада күндері көптеген келушілерді қабылдауға мүмкіндік алмақ. Ұйымдастырушылар Алматыға 5 мыңға жуық спортшы және делегация мүшесі, сондай-ақ, дүниежүзінің әртүрлі аймақтарынан 30 мыңға дейін турист келеді деп күтуде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай