Алматыда "Street Workout" спорттық алаңы ашылды

10 Қараша 2016, 15:29
0
Алматыда "Street Workout" спорттық алаңы ашылды -

Алмалы ауданында 2016 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің бастамасымен Гоголь мен Шагабутдинов көшесінде орналасқан жаңа форматтағы "Street Workout" спорттық алаңның ашылуы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Іс-шара кезінде қазақстандық MixTeam (Алматы) воркаут-ұйымының өкілдері алаңда орнатылған 26 снарядтарда келген қонақтар мен қызығушылық танытқандарға воркаут жайлы ақпарат беріп, ашық жаттығулар мен спорттық көрсетілімдерді ұйымдастырды.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова ауданда ашылған жаңа спорттық нысанның ашылуы халық арасында, әсіресе, жастар мен жасөспірім арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға арналған жолда өзінің игі рөлін атқармақ екендігін атап өтті.

Алмалы ауданында спорттық инфрақұрылым кең дамыған және осының арқасында мектеп оқушылары мен студент жастар бос уақытында спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

Жалпы айтқанда, 127 спорттық құрылыстар бар. Соның ішінде: Мұз айдыны, 4 стадион, 9 жүзу бассейндері, 6 спорттық кешендері, олардың арасында Қазақстандағы ең үздік спорт кешендерінің бірі-ҚР Тұңғыш Президентінің спорттық кешені, 2 теннис алаңы, 45 спорт залдары және аудан аулаларында 50 спорттық алаңдар бар.

Өткен жылы ауданда 3 жаңа спорттық алаң ашылды. Олар: Тұрғыт Озал көшесінде №58 ЖББМ аумағында орналасқан спорттық алаң мен Брусиловский көшесіндегі №34 гимназия мектебінің және Тілендиев көшесінде орналасқан №96 ЖББМ алаңдар. Сонымен қатар, Күләш Байсеитова көшесі бойы жаңа жаттығу құрылғылары орналастырылып, ауданның тұрғындары мен жастары салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылғыларды жаттығуына мүмкіндігі ашылды.

Биыл, ауданда балаларға арналған 5 спорттық алаң ашылды. Алдыңғы уақытта 3-уінің ашылуы жоспарлануда.

Осындай спорт түрін аса бағалап іс-шараға қатысушы ауданның тұрғыны: "Мен өзім воркаутпен айналысам және бұл спорт түрінің ең бастысы - бұқаралық халыққа қолжетімділігі! Өз басым, осы спорт түрінің әрбір азаматтың спортқа деген ұмтылысын жетілдіруге арналған идеясын өте жоғары бағалаймын. Шым мәнінде, бұндай спорт түрімен таза ауада шұғылданған қандай тамаша!".

Осымен қоса, қазір воркаут мемлекет тарапынан қолдау алып, аталмыш спорттың түріне одан әрі өзіне деген қызуғышылығын арттыруда.

Workout алаңдарының салынуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Street Workout Федерациясы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Street Workout - көшелерде шұғылдануға арналған спорттық бағыттардың бірі. Бұл дегеніміз, көшедегі спорттық тренажерларда белтемірлерде, қоссырықтарда, шведтік стенкаларда өзінің салмағымен дене шынықтырып, спортпен айналысу.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай