Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда The Spirit of Tengri музыкалық этно-фестивалі басталды

06 Маусым 2015, 19:22
0
©Николай Колесников
©Николай Колесников
©Николай Колесников
©Николай Колесников
©Николай Колесников
©Николай Колесников

Алматыда The Spirit оf Tengri ІІІ заманауи этникалық музыка фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін.

Фестиваль сахнасына алғашқы болып соқпалы музыка аспаптарында ойнайтын литаврашы топ шықты. Шеберлердің қолынан шыққан ерекше мүсіндер мен этникалық музыканың үні ғажайып көңіл-күй сыйлайды. Айта кетейік, концертке hand-made көрмесіне қатысқан қолөнершілер шақырылды.

Екі күн бойы, яғни 6 және 7 маусым күндері көрермендер алдында 11 елдің өнерпаздары өнер көрсетеді: Венгрия, Түркия, Грузия, Қытай (Ішкі Моңғолия), Эстония, Таулы Шория, Тыва, Башқұртстан, Бурятия, Норвегия және Қазақстан. Елімізден "Алдаспан" және "Шарапат" топтары қатысады. Сонымен қатар, "Арқайым" мен "Тиграхауд" ұжымдары да өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, фестивальге танымал этномузыкант Еділ Құсайынов та қатысады. Ол сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады. Концерт алаңында фестивальдің былтырғы қонақтары: әнші, композитор, көмеймен айту өнерінің өкілі Радик Тюлюш, Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы, туркиялық BabaZula ұжымы, грузиялық The-Shin және Чылтыс Таннагашева өнер көрсетеді.

Қазақстанда алғаш рет эстониялық TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық Hanggai және венгриялық әнші Тилла Торок HoldViola тобының құрамында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахнаға әлемге белгілі Мари Бойне Персен норвегиялық Nordiс тобының құрамында шығады. Олар Namgar ұжымымен бірге өнер көрсетеді.

The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жобаның бас серіктесі - Kaspi Bank. Концертке жарық пен дыбыс құрылғыларын танымал KZ Sound компаниясы қояды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай