28 наурыз 2019 18:02

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден аса ағаш отырғызылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skyview.kz © skyview.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар - терек, емен, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.

Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, 1-5 сәуірге созылады.

Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция Департаментіне жол - патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы "Ағаш отырғыз" республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети