26 қыркүйек 2015 14:13

Алматыда алғаш рет жоғарыға қарай баспалдақпен жүгіру жарысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Қазақстанда алғаш рет жоғарыға қарай жүгіру жарысы болды. Жабық ғимаратта баспалдақпен жүгіруді "Алматы-Марафон" ұйымдастырды. Шара AFD Plaza кешенінде өтті. Жүздеген қатысушы жаттығу жасағаннан кейін 23-ші қабатқа дейін жүгірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанда алғаш рет жоғарыға қарай жүгіру жарысы болды. Жабық ғимаратта баспалдақпен жүгіруді "Алматы-Марафон" ұйымдастырды. Шара AFD Plaza кешенінде өтті. Жүздеген қатысушы жаттығу жасағаннан кейін 23-ші қабатқа дейін жүгірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Өз күшін сынау үшін таңғы салқынға қарамастан көп адам жиналды. Олардың ішінде кәсіби спортшылар да бар. Бұл қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетті.

Шара басталмас бұрын Валихан Тен дәстүрлі warm up өткізіп, ол қатысушылардың жылынуына көмектесті.

Жалпы жаттығу

Жарыс екі кезеңнен тұрды: жаттығу жасау және қаладағы көп қабатты ғимараттардың төбесіне дейін жүгіру. Жүгіруге дейін қолданушылар белгілі бір мөлшерде кеудесін жерден көтеру керек болды. Оның өзінің екі түрі болды: классикалық және аралас.

Кеудені жерден көтеру кезінде қатысушылар қиналды

Баспалдақпен көтерілу де оңайға түскен жоқ

Жарысқа 18-45 жас аралығындағылар қатысты. Дегенмен 68 жастағы Марат Балтабаевқа өз күшін сынауға рұқсат етілді. Ол бұған дейін спорттық жарыстарға белсене қатысып, жастармен бірге өз күшін талай рет сынаған болатын.

Марат Балтабаев дайындалып жатыр

"Менің жасым 68-де. Мұндай жарыстарды теледидардан көп көретінмін. Қазақстанда да ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Мен бұған үлкен дайындықпен келдім. Өз жасыма қарамастан жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға маған осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді", - деді жарыс соңында Марат Балтабаев.

Марат Балтабаев 35-45 жас арасындағы категория бойынша күміс жүлдені иеленді. 

"Барлығы керемет болды. Мен бұл жарысқа қатысқым келді. Ал одан да жақсысы - жеңімпаз атану. Сезімімді жеткізе алмаймын, шаршағаным білініп жатыр. Мен үшін ең қиыны кеудені жерден көтеру болды. Қолымнан келмейтіндей көрінді. Дегенмен өзімді дер кезінде қолға алдым, нәтижесінде жеңіске жеттім", - деді Жанна Мамажанова.

18-27 жас аралығында күміс жүлде алған Алексей Гусаров та өз ойын айтты. "Шынымды айтсам, өте керемет болды. Қазір Қазақстанда кез келген адам қатыса алатын шаралардың ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Бұл ерекше сайыс болды. Кеудені жерден көтеру, баспалдақпен жүгіру физикалық тұрғыдан шыңдайды. Сегізінші қабатқа келгенде шаршағанымды сездім. Дегенмен тиісті жерді жүгіріп өттім. Бірнеше секундқа ғана қалып қойғаным өкінішті. Ары қарай дайындала беремін", - деді Гусаров жарыстан алған әсерімен бөлісе отырып.

Жоғарыға қарай жүгіру жарысының қорытындысын "Алматы Марафон" директоры Салтанат Қазыбаева жариялады. "Біз салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуды мақсат етеміз. Бәріңіз білетіндей, "Алматы Марафон" маусым сайын түрлі шара өткізеді. Бұл жолы жарыстың осындай түрін өткізуді ұйғардық. Алматыда көп қабатты ғимараттар көп. Сондықтан да 23-ші қабатқа дейін жүгіруді ойластырдық. Мұндай шараның алғаш рет ұйымдастырылғанына қарамастан адамдар риза деп ойлаймын", - деді Қазыбаева.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети