25 қыркүйек 2018 | 17:24

Алматыда Алмалы ауданының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© auezov.almaty.kz © auezov.almaty.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Алматы қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Бекқали Торғаев Алматыдағы Алмалы ауданының жаңа әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Алматы қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Бекқали Торғаев Алматыдағы Алмалы ауданының жаңа әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекқали Торғаев осыған дейін 5 жылдан аса уақыт Әуезов ауданының әкімі болған. 2015 жылдың ақпан айынан бастап Бостандық ауданының әкімі қызметін атқарған.

Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы 1961 жылы 17 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданы Киров атындағы совхозда дүниеге келген.

1979 жылы Шу ауданы Новотроицк ауылының М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтына түсті.

1984 жылы "ғылым-агроном" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдап, еңбек жолын Благовещенск ауылындағы Көк-Қайнар қызылша совхозында тұқым өсіруші агроном ретінде бастады.

1985 жылдың ақпан айында осы совхоздың аға агроном болып тағайындалды. 1988 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Көк Қайнар қызылша өсіру совхозында бас инженер-гидротехник міндетін атқарды.

1988 жылдың желтоқсан айынан 1993 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл облысының Талапты совхозының бас агрономы болды.

1993 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың ақпанына дейін Жуалы ауданы Бурный совхозының директоры болды. 1998 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2004 жылдың желтоқсаннан 2005 жылдың наурыз айы аралығында Жамбыл облысының әкімдігінде жер қатынастар Басқармасы бастығының қызметін атқарды.

2005 жылдың наурыз айынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы жер қатынастары Басқармасы бастығының орынбасары болды.

2007 жылдың қаңтарында  Алматы қаласы жер қатынастары Басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2009 жылдың тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі лауазымына тағайындалды. 2015 жылдың ақпанында, Бостандық ауданы әкімі болып тағайындалды.

2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлы медалімен марапатталған.

Запастағы офицер, майор, үйленген, үш баласы бар.

Осыған дейін Бостандық ауданының әкімі болып Алтай Рахымбековтің тағайындалғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети