13 қаңтар 2020 10:57

Алматыда алты жасар бала Gelandewagen мініп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда алты жасар балаға Gelandewagen маркалы автокөлікті тізгіндеуге рұқсат беріп, оны видеоға түсірген. Баланың әкесі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда алты жасар балаға Gelandewagen маркалы автокөлікті тізгіндеуге рұқсат беріп, оны видеоға түсірген. Баланың әкесі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер заңбұзушылық дерегін әлеуметтік желі арқылы білген: бастапқыда баланың әкесі ұлының элиталық көлікті басқарғанын видеоға түсіріп, жариялаған. Содан кейін видео танымал аккаунттарда пайда бола бастады. Бұл жағдай негізінде күздің соңында болған. Әкесі мен ұлы 2019 жылы 20 қарашада "Нижняя Пятилетка" аумағында көлік жүргізген. 

Бала оқу полигонында көлікті тізгіндегіне қарамастан, ең алдымен баланың өзі үшін үлкен қауіп төнуі мүмкін екенін ескерген дұрыс. Әкесі осы жағдайды ескеруі керек еді. Азамат Ш. осы заңбұзушылықпен келісті, алдағы уақытта ұлына тізгінді бермеуге уәде берді. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 5-бөлігінде ("Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы") көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы жағдайды пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кезекті рет шақырамыз, бұл - жолдағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі", - деді қалалық ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети