21 қараша 2016 17:28

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты 71 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда ауа райының қолайсыздығына және мұзтайғаққа байланысты 71 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 


Алматыда ауа райының қолайсыздығына және мұзтайғаққа байланысты 71 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

"19-20 қараша аралығында 71 адам көмекке мұқтаж болды, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары қажетті тексерулерден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Көбінесе олар мұзтайғақта құлағандар", - деді басқарманың бас хирургі Нұржан Исабеков тексеруге келіп жатқандардың жас аралығы 16-дан жоғары екенін айтып. 

"Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына кішкентай емделуші келді, тексерістен соң ол ауруханаға жатпайтын болды. Бала үйінде амбулаторлық емделуге жіберілді", - деді Исабеков. 

"Зардап шеккендердің сүйектері, иығы, жіліншігі сынған. "Барлығына да қажетті көмек көрсетілді, емделушілер ауырлықтың орта деңгейіндегі жарақаттар алған, арасында ауыр жарақат алған адамдар жоқ", - деді дәрігер. 

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасындағылар "жедел жәрдем" байланысына хабарласушылардың көп еместігін айтады. 

Еске салайық, Алматыда соңғы өткен күндері 60 сантиметр қар түскен, бұл дегеніміз нормадан үш есе көп. Қаланы кардан тазарту үшін 4 500 адам тартылған, жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети