04 қараша 2019 17:49

Алматыда аудан әкімі сот алдында жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Рахымбетов Алтай Рахымбетов

Алматының Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов әкімшілік сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматының Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов әкімшілік сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің мемлекеттік сатып алулар кезінде ереже бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы аукцион қатысушылары айтқан. Олар Бостандық ауданындағы аулаларда жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша байқаудың нәтижесіне көңілі толмайтындарын айтады. Қатысушылардың айтуынша, аукционда жеңіске жеткен компанияның бұл салада аса тәжірибесі жоқ.

Осылайша, аукцион қатысушылары Мемлекеттік активтер басқармасына шағым түсірген.

"Комиссия құрамында бес адам бар екенін бірден айтып түсіндіргім келеді. Мен әкімдіктің өкілі әрі төрағасы ретінде болдым, сондай-ақ, Қаржы басқармасының үш өкілі бар. Биыл мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер енгізілді. Біз барлығын дұрыс жасадық деп санаймын", - деді аудан әкімі Рахымбетов сот отырысында.

Қазіргі уақытта сот тыңдауы жалғасып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети