Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда аумақты қардан тазаламағандарға 200 мың теңге айыппұл салынады

10 Желтоқсан 2014, 11:59
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қарды тазаламағаны үшін Алматының кәсіпорындарына 200 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Айыппұл өзіне тиесілі аумақта қаржы уақытылы тазаламаған кәсіпорындарына салынады. Мұның дүкен, салон және ПИК иелеріне де қатысы бар. 

"Есентай" пәтер иелері кооперативінің төрайымы Нелли Луданова аулалар жұмыс күшінің жеткіліксіз болуынан уақытылы тазаланбайды деп есептейді. Аула тазалаушылар 24 мың теңге көлеміндегі айлыққа жұмыс істеуге келіспейді. Оның айтуынша, адамдарды жоғары жалақымен тартуға болады, бірақ ол үшін төлемақыны көтеру керек. Ал үй тұрғындары бағаның жоғарылауына қарсы.

"Қазір тазалайтын машиналармен келісіп жатырмыз, бірақ қазір бізде аула тазалаушылармен мәселе туындап отыр, аз жалақыға ешкім келмейді, біз барлық жаққа өтініш жаздық. Бірақ ешкім жұмысқа кіргісі келмейді", - деді пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы Нелли Луданова

10 желтоқсаннан бастап инспекторлар қаладағы аулаларды тексере бастайды. Тазаланбаған қар үшін 40 мың мен 200 мың теңге арасында айыппұл салынады. Мұндай талап қойылған соң кооператив төрағаларында аула тазалаушылардың жалақысын көбейтетін қаржы табылады деген үміт бар.

Айта кетейік, қалада қар 7 желтоқсаннан бері жауа бастады. Оның биіктігі 17 сантиметрге жетті, ал таулы аудандарды 60 сантиметрден асты.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Алматыда қар тазаланбағандықтан көктайғақтан жарақат алғандардан 140 ресми шағым түскен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай