04 мамыр 2018 09:09

Алматыда автобөлшек сататын базар сүріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда авто бөлшектерін сату дүңгіршіктері қиратылғалы жатқан саудагерлер шу шығарды, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Алматыда авто бөлшектерін сату дүңгіршіктері қиратылғалы жатқан саудагерлер шу шығарды, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Алматыда 100-ге жуық жеке кәсіпкер бір күннің ішінде далада қалды. Күнкөріс көзінен қағылғандардың айтуынша, көлік бөлшектерін сататын сауда орталығы маңындағы дүңгіршіктерін сүру жөнінде бұйрық түскен. Ал, бар жиған-тергенін кәсібіне салып, соңында жер сипап қалған жұрт кімнен араша сұрарын білмей отыр. Егер кәсіпкерлер ескерту қағазындағы талапты орындамаса, ертең дүңгіршіктері мәжбүрлі түрде бұзылмақшы.

Көлік бөлшегін сататын базар маңында кәсібін дөңгелеткендер, қазір әрі-сәрі күй кешіп жүр. Себебі, ескерту қағазында сауда дүңгіршіктерінің жаппай сүрілетіні жазылған. Ал, күнкөріс көзінен қағылған жұрт, кәсіптеріне бар жиған-тергенін салғанын айтады.

"Осы бір бутиктің арқасында күнімізді көріп, бала-шағамызды бағып отырмыз. Енді қайда барамыз? Кредитті қалай жабамыз? Өзімнің 10 миллионнан аса несием бар. Бәріміз фирмалардан тауар алып отырмыз. Алып-сатып отырмыз. Қазір олар қысып жатыр, ақшаны қайтарыңдар деп. Біз қалай қайтарамыз? Бізге ешқандай орын да беріп отырған жоқ. Мына жере 4 бутигім бар. 2010-нан бастап істеймін. Соңғы бутигімді былтыр алдым", - дейді жеке кәсіпкер Ердос Сихаев. 

Осы уақытқа дейін әр бутикке 40-45 мың теңге төлеп отырғанбыз. Мына жерде жоқ дегенде 100 бутик бар. Әрқайсында 2-3 адамнан жұмыс істейді. Өздеріңіз есептеңіздер, 300-400 адам жұмыссыз қалып отыр", - дейді жеке кәсіпкер Арман Әубәкіров.

Айдын күннің аманында кәсібі құрдымға кеткендер дүңгіршіктердің сүрілетіні жөнінде алдын-ала еш түсіндіру жұмыстары жүрмеді дейді. Тіпті, "мал ашуы, жан ашуы" деген кәсіпкерлер, жауаптан жалтаруға тырысқан сауда орталығының қызметкерлерін көрген жерден қыспаққа алды.

"Бұл қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының шешімі. Біз оған ешқандай түсінік бере алмаймыз. Міне, ресми құжаттар. Тіпті, бұл жерге не жоспарлап отырғанын да білмейміз. Алайда, дүңгіршіктердің орнын жасыл-желекпен көмкеріп, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасаймыз деген жергілікті атқмінерлер, барлық жәйтпен базар басшылығы жете таныс екенін жеткізді "Синма-Инвест" ЖШС директоры Болат Бақтыбаев.

Базар әкімшілігінің айтуынша, осы маңнан нәпақасын айырғандар, ертең орындарын түгел босатуы тиіс. Әйтпесе, мына нысандардың барлығы арнайы техниканың күшімен қиратылады. Бірақ, наразы топтың осы айдың соңына дейін мұрсат беріңдер деген өтініші аяқсыз қалды. Енді шаруасы тоқтаған 100-ге жуық кәсіпкер, қайда барып күн көреміз деп отыр.

"Бүгінгі таңда алынып жатқан киоскілердің орнына басқа сауда объектілері салынбайтын болады. Ал кәсіпкерлерге қатысты, олардың барлығына альтернативтік басқа сауда орындары ұсынылған", - дейді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети