Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда автобус жүргізушілерінің жалақысы өседі

20 Қаңтар 2016, 13:59
0
© almaty.tv
© almaty.tv

Алматының орталық көшелерін жауып, ереуілге шыққан №65 автобустың жүргізушілері уақытша жұмыстан босатылды. Бірақ қоғамдық көлік жұмысын тоқтатпайды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Қазір жолаушыларды әр автобустың қосымша жүргізушілері тасымалдап жатыр. Автопарк басшылығы қазіргі уақытта ереуіл туғызған жүргізушілерді анықтап, тексеріс жүргізіп жатқанын жеткізді. Бұған қоса алдағы күндері жұмысшыларына жұмыс кестесін бекітіп, жалақыларын 140 мыңнан жоғары қоятынын алға тартты. "Шыққан жоқ, бәрі жұмыста ғой. Шықпаса, қазір халық шулайтын еді ғой. Біз ешкімді жұмыстан босатқан жоқпыз. Қызметтік тексеру жүріп жатыр", - деді автопарк директоры Асылбек Мұхамбетәлиев.

Еске салайық, Алматыда 18 қаңтарда №65 бағытындағы шамамен 10 автобустың жүргізушілері Абай даңғылының Манас пен Әуезов көшелерінің қиылысы аралығында екі бағытта тұрып алып, ереуілге шыққан болатын. Бұдан кейін олардың жұмыстан шеттетілгені анықталды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай