Алматыда автобусты ерсі жүргізген ер адам жұмыстан шығарылды

24 Қараша 2015, 15:55
0
Алматыда автобусты ерсі жүргізген ер адам жұмыстан шығарылды - © Youtube
© Youtube

Алматыда автобусты ерсі жүргізген ер адам жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматыэлектротранс" ЖШС-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 23 қарашада Интернетте автобусты ерсі жүргізген адам жайлы видео жарияланған болатын. Оқиға туралы 22 қараша күні Павел Плотицын Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, оқиға "Шымбұлақ" тау шаңғы шипажайына бара жатқан жолда болған. Видеодан автобустың автомобильге жақындап, кейін оны басып озып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Автобус алдында келе жатқан тағы бір автомобильді қуып жетті. Алматы ІІД видеоны әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатқанын хабарлады.

"Куәгер түсірген видеоға байланысты "Алматыэлектротранс" ЖШС дереу шара қолданды. Жүргізушінің 1988 жылғы азамат екені анықталды. Ол №3 КАП-те биыл ақпан айынан бастап жұмыс істеген. Оның жұмыс өтілі - 6 жыл. Жолаушыларды тасымалдау ережесін, еңбек шарттарын және жол ережесін бұзғаны үшін автобус жүргізушісі жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады "Алматыэлектротранс" ЖШС.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай