30 қаңтар 2015 14:49

Алматыда аязда үш отбасының баспанадан шығарылуы жөнінде түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов фотодәлелдерді көрсетіп жатыр. ©Тengrinews.kz Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов фотодәлелдерді көрсетіп жатыр. ©Тengrinews.kz

Алматының Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері кішкентай балалары бар үш отбасының аязда баспаналарынан шығарылуы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың баспаналары мемлекетке тиесілі жер телімінде орналасқан. Жергілікті билік бұл жерде саябақ ашуды жоспарлап отыр. 


Алматының Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері кішкентай балалары бар үш отбасының аязда баспаналарынан шығарылуы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың баспаналары мемлекетке тиесілі жер телімінде орналасқан. Жергілікті билік бұл жерде саябақ ашуды жоспарлап отыр. 

30 қаңтар күні Жетісу ауданы әкімдігінің алдына 100-ге жуық адам жиналды. Олардың бәрі болған жайтқа қатысты түсінік алуға шақырылған. "Әкімдік те, прокуратура да үйлерді сүрумен және тұрғындарды баспанасынан шығарумен айналыспайды, мұны атқаруға сот орындаушылары өкілетті. Қолында құжаты бар адамдар келіп шағымдана алады. Бірақ мен сүрілген үйлер туралы түсінік берейін - бірнеше рет ескерту берілді. Оның үстіне, құрылыс басталған 2014 жылдың тамызынан бері сіздерге құрылыс салуға, оған қаржы кетіруге болмайтыны айтылды. Бірақ сіздер тыңдамай, үй тұрғыздыңыздар. Бұл жерлер сіздерге тиесілі емес, бірақ сіздер оны басып алдыңыздар, ол - мемлекеттің жері, біз ол жерде саябақ салмақпыз", - деді Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов. Әкімнің сөзін жиналған жұрт қайта-қайта бөліп тастады. Олар айқайлап, кейбір отбасыларға құжаттар берілгенін айтты. Кейбір тұрғындардың қолында мемлекеттік актінің болуына қарамастан, үйлер бәрібір құлатылғалы отыр. 

Аудан басшысының айтуынша, 11 үй бойынша сот шешімі бар. Сүрілген үш үй - солардың арасында. Әкімнің сөзіне қарағанда, бұл үйлер босап тұрған. "Ешкім тұрмайтындықтан 11 үйдің үшеуі құлатылды. Сот орындаушылары орынға барып, фотоға түсірді. Сегіз үй сүрілген жоқ. Сот шешімі шығарылған үйлер бойынша біз көмек бере алмаймыз. Қалағн 149 үй бойынша жәрдем беріледі", - деді ол. Бірақ тұрғындар сүрілген баспаналар түсірілген фото және бейне дәлелдерді ұсына алатынын айтты. Олардың айтуынша, бұл үйлерде адамдар емін-еркін тұрып жатқан. 

Әкімнің жағдайды түсіндіру жөніндегі кездесуі өтердің алдында әкімдік ғимараты алдында жанжал шықты. Әкімдікке тұрғындардың бәрі бірдей кіргізілген жоқ. Бұған қоса, журналистерге де рұқсат етілмеді. Күзет қызметі телеарна операторларына камераға түсірмеуді ескертті. Ақпарат құралдары өкілдерінің шағымынан кейін 1,5 сағаттан соң барып брифинг өткізілді. 

 

Еске сала кетейік, Алматыда сот орындаушылары кішкентай балалары бар үш отбасыны баспанасынан шығарып, үйлерді құлатқан еді. Оқиға 28 қаңтар күні болды. Сот орындаушыларының айтуынша, үйлер суды қорғау аймағында орналасқан, бұл заңға қайшы. Бұл ауданда мұндай құрылыстар жүздеп саналады. Зардап шегушілердің бірі - екі баланың анасы Майнура Садырова сот орындаушыларынан ешқандай алдын ала ескерту хабарламасын алмағанын айтты. 2013 жылы Қазақстанда адамдарды қыс мезгілінде үйінен шығаруға заңмен тыйым салу ұсынылған болатын. Заңға мұндай түзету енгізуге Әділет министрі Берік Имашев бастама көтерді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети