Алматыда БАҚ өкілдері арасында әскери ойындардан жарыс өтті

11 Ақпан 2018, 22:54
0
Алматыда БАҚ өкілдері арасында әскери ойындардан жарыс өтті -

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында әскери ойындардан жарыс өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі институт баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараны ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери институты басшылығы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникация департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Тұңғыш рет журналистер үшін екі кезеңдік әскери-спорттық ойындар ұйымдастырылды. Төртінші билік өкілдері жарыс барысында химиялық улы заттардан қорғану үшін арнайы қорғаныз киімдерін киюді үйренді, кедергілерді өту, оқу-жаттығу гранаталарын лақтыру және қару-жарақтан оқ атып, атудың дәлділігін көрсетті. 

Әскери спорттық ойындарға 10 команда қатысты, әр команда құрамында 3 журналист және бір курсант болды.

Жарыс қорытындысы бойынша, "Алматы" командасы бірінші орын алды; екінші оры - "На троих", ал үшінші орынды "Мужской базар" командасы иеленді. 

"Бүгін біздің ойынымыз бір адамның кәсібилігіне байланысты өрбіген жоқ. Бұл топтық ойын, сол себепті де топ мүшелерінің әрқайсысының өз үлесі болды. Ойын барысында бірімізді-біріміз сезініп, көмектесіп, ынталандыруға тырыстық. Бұл болмаса, ешуақытта жақсы нәтиже болмасы анық. Бірімізді біріміз жақсы түсіне білдік, соның арқасында қарсыластарды да жеңе білдік. Осындай ойындарды ұйымдастырған адамдарға алғысымыз шексіз, позитивті көңіл күй алдық", - дейді "На троих" командасының мүшелері, тәуелсіз журналистер Захар және Александр Свириденколар. 

Жарысқа қатысқан барлық журналистер алғыс хаттармен марапатталды, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. 

Жарысқа қатысушыларға үнемі ыстық шәй мен бутербродтар беріліп отырды, ал түскі ас кезінде журналистер курсанттардың ботқасынан ауыз тиді.

Жарыстың екінші күні ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорттық комитеттің қызметіне қарасты ҚР ҚМ Әскерінің орталық спорттық клубының SCORPION кешенінде пейнтбол ойынан журналистер арасында жарыс өтті. Әскери ойында бірінші орынды - "Акапелла" командасы, екінші орынды - "Сварщики" командасы және үшінші орынды - "Беркут" командасы иеленді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай