13 қыркүйек 2018 17:41

Алматыда балалар тіс емханасы сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы балалар тіс емханасын сатылымға жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы басқармасы өкілдеріне сілтеме жасап. 


Алматыдағы балалар тіс емханасын сатылымға жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы басқармасы өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Емхана 3 қыркүйектен бастап сатылымда тұр. Емхананың құнын 525 миллион 402 мың теңгеге бағалап отыр. Сатылым тендр ретінде оның объектісі мен ғимаратының бейінін сақтап қалу шартымен сатылып жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, басқармада мемлекеттік тапсырыстың басқа әлеуетті қатысушылармен қатар заңнамаға сәйкес, байқау негізінде өтетінін айтты.

"Қазіргі таңда білім саласындағы әр түрлі қосымша үйірмелерді ескере отырсақ, мысалы, 2017 жылы нарыққа шыққан Әбілхан Қастеев атындағы Өнер мен техникалық дизайн мектебі, № 2 музыкалық балалар мектебі сынды ұйымдар сатылымға шықса да, негізгі бағыты сақталады", - дейді қаланың Қаржы басқармасы өкілдері.

Әкімдіктегілер бұл кәсіпорындардың иелері өз қызмет бағыттары мен штаттық кестелерін сақтап қалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, инвесторлар ұсынылған қызметтер спектрін кеңейтіп, қосымша сабақтар ашқанын, материалдық-техникалық базаны жетілдіргені айтылады.

Алматының Қаржы басқармасы мен әкімдік өкілдері сатылымға жарияланған ғимараттарды жыл сайын тексеріп, инвесторлар шартқа қайшы іс-әрекет жасаған жағдайда үкіметке қайтаратынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети