Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда "Баянауыл" автобазарының орнына мектеп пен балабақша салынады

09 Қаңтар 2015, 10:57
0
©Lafa.kz
©Lafa.kz

Алматыда "Баянауыл" автобазарының орнына мектеп пен балабақша салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы саудагерлермен кездескен Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев мәлімдеді.

Жоспар бойынша, базарды бұзу бүгін, 9 қаңтарда басталуы керек еді, бірақ базарға жүздеген саудагер жиналды. Олар өз орнын босатпай, көршілес тұрған "Барлық", "Кенжехан" және "Жібек жолы" базарларына көшіп алу үшін көшіруді үш айға кейінге шегеруді сұрады.

Әкімнің айтуынша, базарды бұзу туралы соттың шешімі 2013 жылы шығып қойған. Шешімге шағым түсіргендер болды, бірақ өз күшінде қалды. Сот орындаушылардың мәліметіне қарағанда, базар орналасқан жер - мемлекеттің жері. Базарда сауда тоқтап тұр. Төрт күннен кейін су берілу тоқтатылып, жарық өшіріледі. Саудагерлерге базардан кетуге 7 күн берілді. Сот орындаушыларының айтуынша, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

"Баянауыл" автобазары саудагерлері кәсіподағының басшысы Регина Кардаш болып жатқан жағдайды "рейдерлік" деп атады. Оның мәліметінше, базар аумағында сейсмологиялық жағдайға байланысты әлеуметтік нысандарды соғуға болмайды, себебі базар тұрған жер опырылып жатыр. Сондықтан да Кардаш саудагерлерге мерзімді шегеруді сұрамай, базардағы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін күресу керек екенін айтады.

Бұған дейін Алматы сот актілерін орындау жөніндегі департамент өкілдері "Баянауыл" автобазарын бұзу туралы шешімнің мемлекеттік жерлерді сұратып алумен байланысты екенін айтқан болатын. Сауда нысанының аумағы - шамамен 5 гектар. Айта кетейік, осыған дейін "Баянауыл" базарында санитарлық-эпидемиологиялық заңбұзушылықтардың анықталуына байланысты базарда сауда тоқтап қалған еді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай