17 қараша 2017 10:53

Алматыда белгілі педагог көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбдімәжіт Өтеш. Сурет: 178.alschool.kz Әбдімәжіт Өтеш. Сурет: 178.alschool.kz

Алматыда белгілі педагог Әбдімәжіт Өтеш көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы № 178 мектеп-лицейінің дирекциясы мәлімдеді. 


Алматыда белгілі педагог Әбдімәжіт Өтеш көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы № 178 мектеп-лицейінің дирекциясы мәлімдеді. 

Мектеп қызметкерлерінің мәліметінше, Әбдімәжіт Қоңырбайұлы жүрек сырқатынан көз жұмған. Ол 59 жаста болатын. Біраз уақыт бұрын ол ауруханаға жатқызылған еді. Алматының Білім басқармасы бұл ақпаратты растады. 

№ 178 мектеп-лицейі Ақбұлақ ықшамауданында "Арзан" сауда орталығының артында орналасқан. Әбдімәжіт Өтештің еңбегі арқасында физико-математика бағытындағы мектеп қала бойынша ғана емес, республика бойынша да алдыңғы қатарға кірген. 

Әбдімәжіт Өтеш - Республикалық физико-математика мектебінің (РФММ) 1974 жылғы түлегі. 1997 жылдан 2000 жылдар аралығы осы мектептің директоры болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети