10 сәуір 2015 | 10:06

Алматыда бес балалы ана ауыр тұрмыс кешіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@KTK телеарнасы @KTK телеарнасы

Алматыда бес балалы ана өте ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Қажетті құжаттарының жоқтығынан ана бірде-бір баласына жәрдемақы алмайды, - деп хабарлайды КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда бес балалы ана өте ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Қажетті құжаттарының жоқтығынан ана бірде-бір баласына жәрдемақы алмайды, - деп хабарлайды КТК.

Марина Шибаева мен оның балаларының кедейлікте өмір сүріп жатқандарына 10 жыл болды. Оның ең кіші баласы Матвей небәрі үш айлық, үлкені Ангелина - 11 жаста. Қажетті құжаттарының жоқтығынан көпбалалы ана не жұмысқа орналаса алмайды, не балаларын мектепке бере алмайды. "Әкімдіктегілер жеке басты куәландыратын құжат жасатып, уақытша тіркеуге тұрғызу үшін 98 мың теңге сұрады. Бірақ менде мұндай ақша жоқ. Әкімдікке барғанымда, маған: "Уақытша тіркеуге тұратын жер тап деді", - дейді көпбалалы ана.

Көпбалалы отбасы таңғы, түскі және кешкі асқа көбіне нан ғана жейді. Марина Шибаеваның тапқан ақшасы ең қажетті азықтарға ғана жетеді. Отбасы тұратын үй газ бен электр қуатынан және судан ажыратылған. "Олар суды сайдан тасып ішеді. Жарық орнына май шам алып, әр бөлмеге біреуден қояды. Барлығы оларды маскүнемдер деп ойлайды, бірақ олай емес. Отбасы өте қатты кедей тұрады", - дейді олардың көршісі Фируза Сәпиева.

Телеарнаның мәліметінше, қамқоршылық бөлімінің шенеуніктері ананың екі баласын алып кеткен. Егер ана жақын арада жағдайын түзеп үлгермесе, басқа балаларын да алып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, Түрксіб ауданы әкімдігіндегілер көпбалалалы отбасыға құжаттарын толығымен дайындамай ешқандай көмек бермейміз деп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети