04 сәуір 2019 18:35

Алматыда биыл тағы 600 шақырымнан аса инженерлік желілер жаңарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың инженерлік коммуникацияларын салу және реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың инженерлік коммуникацияларын салу және реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер әкімдерімен өткізген кеңес барысында халықтың жақсы өмір сүруіне тікелей ықпал ететін инфрақұрылымдық сипаты бар жүйелі мәселелерді шешуге айрықша назар аудару қажеттігін атап өткен еді. ТҮКШ саласындағы бұл проблемалар - жылу, сумен қамту жолдар, газдандыру, экология және қауіпсіздік.

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту барысында соңғы бірнеше жыл ішінде ғана 2 мың шақырымғажуық инженерлік коммуникация жөнделді. Биылғы жылы тағы 618 шақырым желіні салу және жөндеу жоспарланған, оның ішінде 160 шақырым электр, 223 шақырым газ, 10 шақырым жылу желілері жаңарады. 52 мыңнан аса қала тұрғындарын сапалы сумен және оны тартумен қамтамасыз ету үшін 12 шақырым су құбырының және 105 шақырым кәріздің құрылысы аяқталады.

Наурызбай ауданында 107,5 шақырым су құбырын және 81 шақырым су тартудың, Ақсай мен Қарғалыдағы фильтрлі тазартқыш екі стансаны салудың ЖСҚ жасалуда. Құрамыс, Таужолы, Жайлау елді мекендерінде су желілерін салудың ЖСҚ дайын. Бұл жобаларды жүзеге асыру биылғы жылы басталады және 140 мыңға жуық тұрғын сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Қалаға қосылған елді мекендердегі 28 мыңнан аса тұрғынды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету үшін бұрын 560 шақырым инженерлік желілер салынып, реконструкцияланды. Дегенмен, комиссиялардың барып тексерулерінің және қала тұрғындарының әкімдіктің электронды Open Almaty қоғамдық қабылдауына түскен шағымдарының негізінде мердігерлік ұйымдардың өз міндеттеріне немқұрайды қарап, жұмысты сапалы атқармағандары анықталды.

Қала әкімі тиісті ведомстволар тарапынан қатаң бақылау жасауды, бір ай ішінде кемшіліктерді жоюды, өткен жылдың өтпелі объектілерін 30 шілдеге дейін іске қосуды тапсырды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мердігерлік ұйымдар жұмыс кезінде арнайы қоршаулар мен өтпелі траптар, белгілер, байланыс нөмірлері жазылған паспорттар орнатулары тиіс. Әр учаскенің нақтылы мерзімі, мұнда жұмыс жасайтын техникалар мен жұмысшылар саны белгіленген. Егер мердігерлер нормаларды сақтамайтын болса, онда айыппұл санкциялары салынады.

Алматы әкімі жөндеу жұмыстары кезінде өтініштерді жедел қарау мақсатында бұрыннан бар кері байланыс каналдарымен қоса әр аулада танымал мессенджерлерде тұрғындармен бірге арнайы чат-топтарын құруды, олардың құрамына аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен мердігерлік ұйымдардың жауапты өкілдерін енгізуді тапсырды.

Айта кетерлігі, бұрын "Нұр Отан" партиясы қалалық бюросының отырысында Бауыржан Байбек мегаполистің шет аймағындағы жолдарды абаттандыру, салу және жөндеу жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырған еді. Мысалы, Алатау ауданындағы "Ақбұлақ", "Қарасу", "Ұлжан-2", "Алғабас-АЗТМ", "Әйгерім-1", "Әйгерім-2", "Ұлжан-1", "Шаңырақ-1", "Шаңырақ-2", "Томирис", "Дархан-Байбесік", "Көк Қайнар" ықшам аудандарында ұзындығы 120 шақырым болатын 440 көшеде жолды жөндеу және салу жұмыстары басталды.

Бұлардан өзге, қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамти отырып, тағы 680-нен аса ауланы жөндеу жоспарланған. Сәуірдің ортасынан бастап 120-дан аса көше орташа жөнделеді, жергілікті питомниктерде өсірілген 12 мың ағаш отырғызылады. Қаланың шет аймағындағы саябақтар, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады.

Жалпы, 2015 жылы көпшіліктің қатысуымен талқыланған "Алматы-2020" қалалық даму Бағдарламасы барысында мегаполисте тарихи орталықтың 60 пайызы, 600-ге жуық көше,1400-ден аса ескі аулалар жөнделді. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары қайта жасалды. Көшедегі жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергия жинақтағыш шамдарға ауыстырылды, 300 шақырым арық жаңарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети