06 шілде 2019 17:49

Алматыда болған митингіде не айтылды?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист, публицист Әшімжан Жанарбек пен әскери ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Ким Серікбаев митингке жиналғандарға халық үшін тыныштық пен тұрақтылықтың, бірліктің айрықша маңызды екенін түсіндірді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Журналист, публицист Әшімжан Жанарбек пен әскери ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Ким Серікбаев митингке жиналғандарға халық үшін тыныштық пен тұрақтылықтың, бірліктің айрықша маңызды екенін түсіндірді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір қоғам тарапынан көптеген мәселе алға тартылып жатыр. Оны жасырудың еш қажеті жоқ. Бірлесе шешу керек. Олар мемлекет тарапынан тиісінше шешіліп жатқаны да ақиқат. Бәрімізге белгілі, көпбалалы аналар мәселесі, жастардың әлеуметтік жағдайы секілді дүниелердің барлығына да Елбасының тікелей пәрменімен Nur Otan партиясы бас болып, мемлекетіміз сол сәтінде көңіл аударып, нақты шараларды қолға алды. "Бақытты отбасы", "Құтты мекен", "Халыққа көмек" ұлттық жобалары табысты іске асырылып жатыр. Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінгені атап өтілді. Әсіресе, көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылардың 300 мыңға дейінгі банктік тұтынушылық несиелерін өтеу туралы таяуда қабылданған шешім де қаншама адамды ауыртпалықтан құтқармақ. Күні кеше Арыста болған апатта халқымыз ауызбіршілігін, жанашырлығын көрсетіп, Nur Otan партиясы да, мемлекетіміз де зардап шеккен жұртқа бар жағдайын жасап жатыр", - дейді ол.

Бейбіт шеруде сондай-ақ ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, әскери ғылымдарының докторы, Қазақстан әскери ғылымдары академиясының мүшесі, қоғам қайраткері Ким Серікбаев және тағы басқалар жиын тақырыбы мен мақсатына байланысты толғандырған ойларын бөлісті.

"Мен бар ғұмырымды әскер саласына арнаған адаммын. Елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан қорғауды мақсат еткен әскери мамандар даярлауға қатыстым. Жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беру - менің ғұмырымның бір бөлшегі іспетті. Мұндағы мақсатымыз не еді? Елдің бейбіт тіршілігі, тату-тәтті өмірі болатын. Дүниеде бейбітшіліктен асқан, тыныштықтан артық ешнәрсе жоқ. Тек бейбітшілік бар жерде ғана береке болады. Әйгілі батыр Бауыржан Момышұлы "Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" деген. Мемлекетіміздің заңын сақтайық. Ұсынып отырған мүмкіндіктерін пайдаланып, өзімізді де, елді де көркейтуге атсалысайық. Ата-бабамыздан мұраға қалған жер де, ел де өзіміздікі. Бізге сырттан келіп ешкім жұмақ орнатып бермейді. Бәрі де өз қолымызда. Сондықтан әрдайым ауызбіршілікте болайық. Тыныштығымызды сақтап, қол жеткен жетістіктерімізді әрі қарай арттыра берейік", - деді ардагер Ким Серікбайұлы.

Ол әр адамның тағдыры өз қолында екенін, балалар үйінде тәрбиеленіп, жоқшылықты да, қиыншылықты да бір кісідей тартқанын, алдына мақсат қойып, аянбай еңбектеніп, соған жетуге тырысқанын, ерінбей еңбек еткен адамның алмайтын қамалы жоқ екенін айтты. Маңдайы терлеп, еңбектенген адамға Қазақстанда жұмыс та, табыс та бар екенін, немен айналысамын десең де мемлекет жол ашып отырғанын нақты мысалдар келтірді.

Митингке жиналғандар Ким Серікбайұлының баталы сөзін қолдап, халық үшін тыныштық пен тұрақтылықтың, бірліктің айрықша маңызды, ерекше бағалы әрі қымбат екеніне басымдық берді. Елді бірлікке іріткі салушыларға жол бермеуге шақырды.

Дереккөз: almaty.tv

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети