28 шілде 2015 10:22

Алматыда болған селден қаза тапқандар жоқ - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дәурен Исаев © Дәурен Исаев

Алматыда болған селден қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда болған селден қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматының ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде тараған "селдің салдарын жою барысында табиғи апаттан қаза тапқандардың денесі табылыпты" деген ақпараттардың жалған екенін мәлімдейді. Селдің салдарынан қаза болғандар жоқ", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы сел туралы жалған ақпарат таратушылардың 5 жылға сотталатыны хабарланған болатын. Ол кезде ІІД өкілдері әлеуметтік желіде Ресейдегі селдің видеосын Алматыдағы жағдаймен байланыстырған адамды іздестірді. Жалған ақпаратты таратқандарға 5000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 1036 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 51 бала бар. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети