23 қаңтар 2015 20:00

Алматыда бір әйел үш баласымен көлік жуу орнының контейнерінде тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Алматы" телеарнасы ©"Алматы" телеарнасы

Алматыда үш кішкентай баласы бар ана автожуу орнының контейнерінде тұрады. Әйелдің ішімдікке салынғаны, ал балалардың тәулік бойына қараусыз қалып, мектепке бармайтыны және нашар тамақтанатыны белгілі болды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.


Алматыда үш кішкентай баласы бар ана автожуу орнының контейнерінде тұрады. Әйелдің ішімдікке салынғаны, ал балалардың тәулік бойына қараусыз қалып, мектепке бармайтыны және нашар тамақтанатыны белгілі болды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Жергілікті тұрғын Галина Адыгезаловамен бірнеше жылдан бері таныс екенін айтты. Оның айтуынша, Адыгезалова тұрмысқа ерте шығып, Ресейге кетіп қалады, бірақ оның күйеуі түрмеге отырғандықтан екі баласымен Қазақстанға қайтып оралады да, әжесінің үйіне орналасады. Біршама уақыттан кейін зейнеткер үйін сатып жіберіп, немересіне тек бес мың доллар ақша қалдырады. Бұл ақшаны әйел қажетіне жаратады, тағы үш бала босанады, енді контейнерде өмір сүруге мәжбүр. Оның үлкен қызы тұрмысқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта олар байланыс үзілген, ал баласы ұрлық жасағаны үшін түрмеге отырды.  

Адыгезалова болса оның кішкентай балалары 2013 жылы балалар үйіне жіберілгенін, бірақ екі айдан кейін қайтарып алғанын айтып берді. "Тәрбиешілер балаларыма қарай алатынымды білгеннен кейін маған берді. Қазір олар "бір балалар үйі" деген сөздің өзінен қорқады. Оларды алып келгенімде үсті-бастары көгеріп кеткен еді, ал ең қорқыныштысы, олар нанды жастығының астында сақтап жүрді. Арық әрі үрейленген балаларым қайтып келді. Күніне 1500-2000 теңге тапсам да, оларды аш қалдырмаймын", - деді әйел.

Екі кіші баласының әкесі, шешесінің айтуынша, отбасына қарамайды және сирек көмектеседі. "Надяның әкесі қайтыс болған, Алена мен Диманың әкесі бір, оның аты - Алексей Выборнов, ол ТЖО-да жұмыс істейді. Сирек келеді. Көмек сұрағанымда келді, ол кезде Алена құлап, маңдайын жарыл алған. Бар болғаны бес мың теңге берді, оған дәрі мен тамақ алдым. Құжаттары бар, Қазақстан азаматы, бірақ ол өз балаларына құжат алып беру үшін еш көмектескісі келмейді. Алена 7 жаста, ол ендігі бірінші сыныпқа баруы керек еді, Надя болса, тіпті, он бірде, ол мектепте бір де бір рет болмаған. Дима келесі жылы мектепке баруы керек, құжаты болмағандықтан алмайды", - деді Адыгезалова.

Бұл отбасы жайында журналистерге айтып берген ер адам әйелді жұмысқа тұрғызуға бірнеше рет көмектескісі келгенін жеткізді, бірақ әйелдің ішімдікке әуес болуы себепті жұмысынан шығып қалып отырған. Адыгезалова құжат алу үшін әлеуметтік көмек сұрамаған. Мұның үстіне ол балаларын мектеп-интернатқа беруге үзілді-кесілді қарсы. Жергілікті тұрғын биліктің бұл мәселеге назар аударып, балаларды контейнерден жылы үйге ауыстырады деп үміттенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети