22 сәуір 2014 13:25

Алматыда бірлік мерекесіне арналған велошеру өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов велошеру кезінде. ©Ярослав Радловский Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов велошеру кезінде. ©Ярослав Радловский

Алматыда 26 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне велошеру өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. 


Алматыда 26 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне велошеру өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Велосипед жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан сағат 08.30-да басталады. Жарысқа қатысушылар жарты сағат бұрын келіп жиналуы тиіс. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған велошеру ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта мәреге жетеді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етіледі. Жарысты ұйымдастырушылар - Алматы әкімдігі мен "Алматы Универсиадасы - 2017" Атқару дирекциясы" мемлекеттік қоры. Велошеруге әдеттегідей қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысады.

1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері тойланады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл күнді мерекелеу туралы жарлыққа 1995 жылдың 18 қазанында қол қойған. Айта кетейік, биыл бұл мейрамда қазақстандықтар мамырдың 1-інен 3-іне дейін демалады. Одан кейін Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні құрметіне отандастарымыз тағы төрт күн демалатын болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети