Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды

07 Желтоқсан 2018, 12:59
0
Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды - © VITALIK.kz
© VITALIK.kz

Алматыда Бутаковкадағы жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Учаске аумағы - 13,5 гектар. Бұл жер ерекше қорғаудағы табиғи аймақ болып табылады. 2005 жылы қала әкімшілігі "Asia Construction" ЖШС-ға берілген, алайда олар "IROM Construction Group" ЖШС-ға сатып жіберген. 

"Алматы прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін жер телімінің әкімдік тарапынан бірінші ЖШС-ға берілгені туралы және оны үшінші тарапқа сатып жібергені туралы арыз берді. Қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, содан кейін апелляциялық және каасациялық инстанциялар прокуратураның арыз қолдамады", - деді прокуратура өкілдері. 

Бас прокурор Жоғарғы сотқа шағым түсірді, соның нәтижесінде сот актілерін бұзып, прокурордың арызын қанағаттандырды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай