09 мамыр 2019 14:40

Алматыда Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болғандарға тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 


Алматыда Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болғандарға тағзым етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек 9 мамыр мәңгілікке Ұлы Жеңіс күні ретінде қалатынын және майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі мен батылдығы құрметке лайық екенін атап өтті. Осынау қасиетті күні әркімнің қан кешіп опат болған, жасанған жауға тайсалмай шауып, батырлық танытқан азат етуші жауынгерлердің мұқалмас жігерінің алдында бас иетіні ақиқат.

"Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды, олардың тең жартысы майдан даласында опат болды. Зұлмат соғыс барлық отбасыларға қасірет әкелді. Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен-ақ майданның негізгі қорғаны мен арсеналы болды. Біздің республика аумағында 12 атқыштар, 7 кавалерия дивизиясы, 7 бригада, 50 полк жасақталды. 528 қазақстандық Кеңес Одағының батыры, ал ерлігі ерекше мойындалған 4 отандасымыз екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды, 110 мың адам "Даңқ" орденімен марапатталды. Біз аттары аңызға айналған батырларымыз Бауыржан Момышұлының, Талғат Бигелдиновтың, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың есімдерін үнемі жадымызда ұстап, олардың өшпес ерліктерін мақтан етеміз, сонымен қатар Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен барлық ардагерлер бізге мәңгілік мұра. Олардың есімдері шексіз", - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі Жеңіс күнін жақындатуда әрбір қазақстандықтың баға жетпес күш-жігер танытқанын айтты. Тыл еңбеккерлері - әйелдер мен қарттар, балалар күн-түн демей еңбек етіп, майданды қарумен, азық-түлікпен, амунициямен қамтамасыз етті. Елімізде мыстың 35 пайызы, қорғасынның 83 пайызы, молибденнің 60 пайызы, металл висмутының 65 пайызы балқытылды, жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды. Қазақстандықтар майданға 1,5 мың вагон жөнелтіп, майданды оқ-дәрімен, азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етті, 6 млн. тонна астық, 700 мың тонна ет жіберілді.

"Жанкешті ерліктің арқасында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ұрпақтарына ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлады. Тарихта шынайы патриотизмнің, қаһармандық пен өшпес батылдықтың үлгісін қалдырды, жер бетіндегі бейбіт өмір үшін жандарын пида етті. Елбасы айтқандай, біздің оларға деген құрметіміз жасаған ерліктері сияқты ұлы болуы тиіс. Біздің басты борышымыз ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты қамқорлық жасау. Шынайы тарих ешқашан уақытқа жүгінбейді, өйткені батырлар ерлігі ешқашан өшпейді. Дәл осы жерде, Даңқ мемориалының алдында мен барлық алматылықтарды бабаларымыз бен әкелеріміздің рухы, Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ерлігі алдында тағзым етуге шақырамын. Біз олардың алдында мәңгілікке борыштармыз", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Ұлы Отан соғысының 4324 ардагері мен мүгедектеріне және оларға теңелгендерге берілетін бір реттік төлемнің жалпы көлемі Алматы бойынша 540 миллион теңге. Ардагерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілген, санаторий-курорттарда емделіп, түрлі әлеуметтік көмекке ие болуда. Қала демеушілермен бірге ардагерлердің пәтерлерін жөндеп, коммуналдық қызметтерін төлеуде, ардаргерлер қоғамдық көлікте тегін жүруде. Еліміздегі алғашқы "Белсенді ұзақ өмір" орталығы ардагерлерге есіктерін айқара ашуда.

Құрметті қарауыл шеруінен және Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен соң ҚР Мемлекеттік үрлемелі оркестрі өз бағдарламасын ұсынды, дала кухнясы дастарханын жайды. Саябақ аумағына ретро-автомобильдер мен тақырыптық архитектуралық кіші пішіндер қойылды.

Қазіргі кезде қала көшелерінде "Мәңгілік даңқ" шеруі жүруде. "Астана" алаңында кешкі сағат 20.00-де Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Тағзым!" атты концерт өтеді. Мерекелік шараның соңы сағат 22.00-де болатын салютке ұласады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети