06 қараша 2018 17:34

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk.ru © mk.ru

КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне Алматыда орнатылатын мемориал тақтаның ашылу салтанатына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ашылу салтанаты 7 қарашада өтеді.

Мемориал тақта Назарбаев даңғылының бойындағы үйдің алдына орнатылады. Денис Тен осы үйде дүниеге келген және өмір сүрген. Татьяна Тарасова 2003-2010 жылдары Денистің бапкері болған. Бұған дейін ол Қазақстанда болған, бұл оның бірінші сапары. Тарасовадан бөлек, Алматыға ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келеді. 

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанаушыға автоұрылар шабуыл жасаған. Оқиға түскі 15:00 кезінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева - күдіктілер.  

Қазіргі уақытта Денис Теннің өлімі бойынша тергеу шаралары аяқталды. ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың айтуынша, әлі де іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Я прожил в Москве 7 уникальных лет. Вернувшись из США, Татьяна Анатольевна одним из первых взяла меня в свою группу. Работа с легендарным тренером — была мечтой воплотившейся в реальность. Это был самый фантастический опыт в карьере и без него, я бы не состоялся как человек, которого вы видите сегодня. Татьяна Анатольевна, спасибо вам за все. С днём вашего рождения. ???????????? Ps. Фото было сделано как раз после просмотров.

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети