12 наурыз 2014 15:52

Алматыда дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығы құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©Ярослав Радловский фото ©Ярослав Радловский

Парламент Мәжілісі бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық құру туралы келісімін мақұлдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Аталған келісімнің мақсаты негізінен Қазақстан мен Қырғызстан арасында төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлерін жеңілдетудің тиімді тетіктерін қамтамасыз ету, келісілген шаралар арқылы бірлесе ден қоюдың ынтымақтастығын арттыру болып табылады. Осының аясында тараптар Алматы қаласында тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық орган болатын арнайы Орталық құруды қарастырып отыр. «Мұндай Орталық құру туралы бастама БҰҰ Даму Бағдарламасынан, БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру және халықаралық стратегия басқармасынан, Зілзалалардың қатерін төмендету жөніндегі Азиядағы орталық тарапынан қолдау тапты. Алматы қаласында Орталық құрудағы мақсат төтенше жағдайлар тәуекелдерін төмендету, олардың салдарын мейлінше азайту болып табылады», - деді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Мәжілістің жалпы отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, Алматы қаласында Орталық құру туралы келісім қабылданса, алдағы уақытта оған қатысушылардың қатары артуы да мүмкін. "Яғни, бұл Орталық құрылған жағдайда оның Орталық Азия өңіріндегі перспективасы күшейе түседі деуге негіз баршылық. Айта кетейін, өткен аптада ғана Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінен осы Орталық жұмысына қосылуға әзірлік туралы нота келіп түсті. Бұдан бөлек, әзербайжандық әріптестеріміз де, Тәжікстан тарапынан да қызығушылық бар", - дейді В. Божко. Тоқтала кететін жайт, келісім бойынша халықаралық ұйым болып табылатын Алматыдағы Орталыққа басқа мемлекеттердің байқаушы мәртебелері де берілуі мүмкін. Сонымен қатар, Орталық аясындағы жұмыс шеңберінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Гуманитарлық қоймасын салу мәселелері де талқыланатын болады. "БҰҰ Өңірлік құрылымдары, Германия Федеративтік Республикасының халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Корея Республикасы мен Жапония Алматы қаласында құрылатын Орталыққа төтенше жағдайларда жедел ден қою жобаларын жүзеге асырушы алаң ретінде зор қызығушылық білдіруде және осы тараптар ақпараттық-технологиялық көмектер көрсетуге әзір", - деді В. Божко. Орталықтың қызметі Қазақстан мен Қырғыз елінің құзыретті орган басшылары кіретін Кеңес арқылы жүзеге асатын болады. Кеңес өз кезегінде Орталық қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети