04 мамыр 2017 14:26

Алматыда дұрыс қойылмаған көліктер эвакуацияланатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінен © Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінен

Алматыда жол жүру ережесін бұза отырып тұраққа қойылған көліктер эвакуацияланатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда жол жүру ережесін бұза отырып тұраққа қойылған көліктер эвакуацияланатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұйымдастыру шараларының аясында дұрыс қойылмаған, тыйым салынған жол белгісінің астына, тротуарларға қойылған көліктерді эвакуациялау қарастырылған. Бұл мәселені қала әкімі қолға алып отыр. Бұл жұмысқа біз де тартылғанбыз. Біз ақылы тұраққа жақын аумақтарды анықтап, құзырлы органдарға хабарлайтын боламыз", - деді баспасөз мәслихаты кезінде "Алматы СТПС" ЖШС-ның ақпараттық технологиялар бойынша директоры Роман Налепов.

ЖШС директоры Марат Пірінбеков эвакуаторлар сатып алу ұсынысын әкімдік қолдағанын айтады. 

"Былтыр үлкен сараптама жүргіздік. Көліктердің көбі жол жүру ережесін бұза отырып, тұрақтайды. Біз адамдар үшін жайлы жағдай жасаймыз, жаяу жүргінші, балалар мен егде адамдарға. Бұл шаралар уақыт өте тәртіпке әкеледі. Өз ұсыныстарымызды жасадық. Заманауи мегаполистер қалай дамып жатқанын көрдік, осындай технологиялар қолданылады. Сатып алумен кім айналысатынын тендер шешеді. Эвакуациямен ІІД өкілдері айналысатын болады", - дейді Марат Прімбеков. 

Эвакуаторлар сатылып алынғаннан кейін жол ережесін бұзып тұрған көліктер эвакуацияланады және жүргізушілер жауапкершілікке тартылады. Техниканың қашан сатылып алынатыны әзірге белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети