21 желтоқсан 2019 09:53

Алматыда екі көшеде қозғалыс бағыты өзгереді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kolesa.kz ©kolesa.kz

Алматыда екі көшеге біржақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда екі көшеге біржақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау саласындағы уәкілетті орган ретінде Бостандық ауданындағы тар көшелерде жүргізілген талдау жұмыстары барысында Политехникалық және Никитин көшелерінде қарсы бағыттағы көлік құралдарының көбеюіне байланысты қозғалыс қиындағаны анықталды. Қала полициясы жол қозғалысын оңтайландыру қажеттігі туралы шешім қабылдады: Политехникалық көшесі бойымен Байтұрсынов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін шығыс бағытта, сондай-ақ Никитин көшесі бойымен батыс бағытта біржақты қозғалыс енгізіледі", - делінген хабарламада.

Қала көшелерінің аталған учаскелерінде жол қозғалысының жаңа схемасы 23 желтоқсаннан бастап енгізіледі. Жол қозғалысы ережелерін бұзбау үшін мегаполис полициясы жол белгілеріне қарап, жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала ойластыруға кеңес береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети